Қала ішіндегі қала

Қала ішіндегі қала

Махаббат пен романтиканың, ән мен жырдың ортасы. Байронның елі мен Париждің көшелеріндегі думандар... Бірақ, сіз ойлап отырғаннан мүлде басқа дүние. Ол дүние -  Ла-Виллет саябағындағы  білім мен техника қаласы. Нақтылап айтар болсақ, аумағы жағынан біраз жерді қамтып жатқан, саябақтың ойып тұрып ортасынан орын алған қала ішіндегі қала. Бұл қалада  сфералық La Géode IMAX-кинотеатрі мен білім мұражайы орын тепкен. Тарихына тоқталар болсақ, 1977 жылы сол кездегі Франция президенті Валери Жискар Эстен ғылыми мұражай салуды бұйырған. Содан өзіндік жобасымен сәулетші Адриан Фансильбер мұражай салу құқығына ие болған. Ля Вилет саябағын қолайлы деп тауып, 1986 жылы көпшілікке ұсынған. Қысқа ғана тарихы осы.

Мұражайдың өзіне тоқталып өтер болсақ, Еуропадағы ең үлкен мұражай болып табылады. Мұражайда кез келген жәдігерді ұстап, іске қосып көруге де болады. " Қолмен тиісуге болмайды" - деген жазу ілінбеген. (Барлық мұражайда ілініуші еді ғой!) 20 000 метр болатын көрмедегі кеңістік уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Көрме білім мен ғылымға арналған арнайы секциялардан тұрады:

  • Әлемтану;
  • Адам және оның гені;
  • Математика;
  • Жарық ойындары мен жарықтарға эксперимент;
  • Коммуникация ( суреттер, дауыстар);
  • Өнеркәсіп ( көлік, энергия).

Тағы да бір айта кетері, мұражайдағы қызықтың бәрін интерактивтік картадан көре аласыз. Ол жерде аквариум және космосқа ұшу сияқты  кестелер берілген.

Мұражайдан да артық мұражай тек қана көрмеден тұрады. Еуропалық үлгіде жасалған. Алдыңғы технологиялар  ғана қолданылған. Әрине, көпшілікті  тарту мақсатында.

Cité des sciences-тің  қасында мультимедиялық кітапхана бар. Онда өте маңызды ақпараттар жиналған. 120  мыңға жуық кітап, журнал, кинолар сақталған. Егер Францияда жүргендеріңіз болса, онда электрондық базадан қарай аласыз. Тіпті, кейбір кітаптардың "ғұмыры" таң қалдыруы  мүмкін. Мәселен, 1760 жылғы "Везувияның тарихы мен феномені" кітабының көшірмесі сақталған.

Collège de la Cité  бірлестігі мұражай маңында қазан мен маусым аралығында ғылыми лекциялар жүргізеді. Ол жерде әртүрлі ғалымдар жаңалықтар турасында сөз сөйлейді. Сондағы айтылған 550-ге жуық лекция француз тілінде сатылады. Тағы да мұражайда алдағы болар конференциялар, дөңгелек үстелдер, қазанда болар лекциялар айтылады. Әр айда 30-ға жуық дүние шығып тұрады. Барып көрем деушілерге есік ашық. Тек тіркелсеңіз болғаны. Аталған ғимарат күніне 60-қа жуық презентация өткізеді: физика, химия, математика, астрономия, биология, астрофизика салалары бойынша. Және әрбір ерікті адам өзі ашқан жаңалықтары болса, бөлісе алады. Онысы көпшіліктің талқысына түсері сөзсіз.

Аталған мұражайға жылына 3 миллионға жуық адам келіп-кетіп жатады екен. Олардың ішіне кішкентай балаларды да қосыңыз. Себебі, мұражай қызметкерлері балаларға да арнайы кіші қала ашып берген. Олар да өздері қызыққан дүниелер мен жәдігерлерді тамашалай алады. Мүмкін, бүлдіріп те қояр.

Суреттер: pskovkids.ru

Ж. FM