Жүзеге аспас 5 ақыл-кеңес!

Жүзеге аспас 5  ақыл-кеңес!

Көптеген адамдар, оның ішінде дос-жарандар, туыстар, әке-шеше, тіпті, кетіп бара жатқан бейтанысқа дейін ақыл-кеңес беріп жатады. Одан қалса үйдегі кітаптан, "үйдей жақсылық" сыйлайтын киноға дейін өз дегендерін айтып қалудан тайынбайды. Бұның бәрі құптарлық-ақ, әрине. Бірақ, айтылған кеңестің бәрі бірдей көмектесе бермейтін шығар?

Жақында психологтар осы салада зерттеу жасай келе, біз естіп-көріп жүргендерден іске аспайтын, мағынасыз ақыл-кеңестерді сұрыптай алды.

"Ешқашан өз айтқаныңнан қайтпа!"

Ешқашан күресті тоқтатпа, бірақ, сен жүрген жолдың қаншалықты дұрыс екенін саралап көр. Әйтпесе, өмір бойы алысып келіп, күндердің күні таңғалып жүрмесіңе кім кепіл...

"Әрқашан ойыңда не тұрса, соны айт!"

Өзі пікіріңді айт, бірақ, тыңдамай жатса таңғалмай-ақ қой! Кейде, тіпті, үндемей-ақ қойғаның әлдеқайда артық.

"Болған нәрсе болды, өткен нәрсе өтті. Бұрынғыны ұмыт!"

Шындығында, өміріңде болған жайттың бәрі есіңде жүргені дұрыс. Үнемі қателіктеріңді есте сақта және олардың жалықтырып жіберетін идеяға айналуынан сақтан.

"Бұл өмірде тек қана өзіңе сен!"

Иә, өмірде жаман адамдар да бар. Міне, сізге тек соларды ғана ажырата білу керек. Өмір сүрудің бар мағынасы да сонда: дұрыс өмір сүру және жан-жағыңды жақсы адамдармен толықтыру.

"Өмір сүріп қал! Өмір бір-ақ рет берілетін болған соң бәрін көріп қалу керек!"

Кез келген нәрседе шек болады. Әр күніңде бір жақсылықтан болсын, бірақ, ешқандай шектен шығусыз.

Сурет:muzikam-net.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига