Журналистика – бұл:
– идеологиялық басылымдар жүйесі – басылымдар, телерадиокомпаниялар, ақпарат құралдары, баспасөз қызметі, БАҚ қызметінің жетілдіруге атсалысатын бөлімдер (жарнама, техникалық, баспа түрлері).
– ақпаратты жинау, өндеу және сақтау, оларды құрастыру мен тарату жүйесі.
– БАҚ жүйесін жетілдіруге қызмет ететін мамандардың жиынтық формасы.
– Басылымдар жүйесі. Журналистиканың өзіне тән жанрлары мен бөлімдері бар. Репортаж, очерк, ойын-сауық, мәселелерді көтеру – журналист шығармашылығының нәтижесі. Одан бөлек, тек сызу, жазудан бөлек газет макетін дайындау, ТВ және радио кестесін жасау, тағы да басқа көрермен көзіне түсе бермейтін әрекеттер де журналистердің міндетіне кіреді.
– Ақпаратты тарату арналарының жиынтығы: басылым, радио, ТВ. Бұл көрермендермен жұмыс жасауға бағытталады. Ақпаратты жинау бөлек, оларды жеткізу жолы да ерекшеленді. Әр басылымның өздеріне тән қағидалары, ішкі ережелері, бағыты мен аудиториясы бар.
– Филология, тарих пен саясаттану салаларының жиынтық формасы.
Бильдредактор – визуальды ақпаратпен жұмыс істейтін медиамаман: сурет, ақпараттық графика. Соңғы уақытта фоторедактор деген термин де танымал. Әсіресе, медианың интернетке жаппай көшуі ең алдымен фотосуреттер, графикамен жұмыс істеуге мәжбүр ете бастады. Нәтижесінде жаңа сала қолданысқа енді. Бильдредактор – техникалық маман ғана емес, видеоэксперт және толыққанды журналист. Бұл салада қызмет ететін маманға тек суреттерді әрлеп қана қоймай, тақырыпқа және редакция бағытына сай орналастырып, таңдап, ол суреттің (медиаформаның) оқырманға қалай әсер ететінін бағамдап ең тиімді жолын таңдау міндеті жүктеледі. Фото түсірілім саласында ғана білімге ие маман ғана емес, медиа мен медиадизайнды түсінуі шарт.
Журналистік сөздік:
Аделиб - радиода диктордың сценарийден тыс сөзі.
Атрибуция - ақпараттың алғашқы таратушысын көрсету, авторлық.
Аудитория - медиаөнімдердің тұтынушысы.
Баннер (banner) - сайттарда жарнамалық хабарламаға ие шағын кеңістік.
Бестселлер - кітап нарығында жиі қолданатын термин. Бұл нарықта бестселлер түсінігін қалыптастыратын түрлі кретерийлер бар. Мысалы, АҚШ-та егер сұраныстағы тиражы 0,5-1 пайыз тұтынушы халық санына жақындаса бестселлер атанады.
Блек-аут - әзіл араласқан диалог фрматындағы радио жарнаманың түрі.
Бликфанг - басты мақсаты назар аудартатын жарнамалық элемент.
Брифинг - белгілі бір мәселе төңірегінде бас қосқан БАҚ өкілдерінің кездесуі.
Верификация - ақпараттың анықтығына көз жеткізу үшін тексеріс.
Дайджест — өзге басылымдар материалдарын бірге жинайтын кезеңдік басылым.
Деза - дезинформация, жалған ақпарат.
Ди-джей, диск-жокей (DJ) - музыкалық бағдарламалардың жүргізушісі.
Инсайдер - жабық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие журналист.
Контржарнама- саяси маркетинг саласында күрес кезінде қолданылатын жарнама түрі.
Копираптер - ерекше жарнама мәтінін жазатын жарнама агенттігінің қызметкері.
Прайм-тайм (prime time) - ТВ және радиода аудиторияның пик уақыты.
Рейтинг (rating) - арнайы мамандардың белгілі бір бағалау жүйесі бойынша тізім қалыптастыруы.
Спичрайтер - саясаткерлердің сөзін жазып беретін маман.
Холдинг (holding) - акция көмегімен бірнеше компанияны басқаратын корпорация.
Эхо-тіркес - жарнама мәтінің аяқталу кезеңі.
FM - (frequency modulation) – радио жиілілігі.