Жерге ұқсас ғаламшар

Жерге ұқсас ғаламшар

Әлемде  біздегі  күн жүйесінен тыс, басқа ғаламшар бар болып шықты. Ол жақта ыстық та, суық та емес көрінеді. Астраномдар осы бір жұмбақ ғаламшарға Алтыншапақ деген ат қойды.

Аталған ғаламшар жұлдыздарға алыс та, жақын да орналаспаған. Өзінің үлкен еместігіне қарамастан,  атмосфера мен гравитацияға ие болып шықты. Көп жағынан біздің жерге ұқсайды. 

Вашингтон штатындағы Корнеги институтының оқытушысы Р. Пол Батлер: «Бұл шындығында бірінші Алтыншапақ ғаламшары,» - деген баға берді. Шынында, жаңадан ашылған ғаламшар басқа 500 ғаламшарға қарағанда  тұрғындар белдеуінде, яки орталықта орналасқан. Бір қызығы, осы тұрғындар белдеуінде тағы да жерге ұқсас ғаламшардың бары туралы болжамдар шықты.

Жұмбақ әрі тылсым ғаламшар туралы сансыз сұраққа жауап іздесек. Жердің массасынан 3 есеге ауыр, және жұлдыздарға  14 млн мильге дейін жақын екен. ( Біздікі 93 млн миль).  Өз күніне жақын орналасқандықтан, әрбір 37 күн сайын айналып өтіп тұрады. Және ол өз осінен көп айналмауы нәтижесінде, ғаламшардың бір беті қараңғы, бір беті жарық болып  тұрады екен.

Температурасы қатты ыстық та (+160 градус), тым суық та (25 градус нөлден төмен) болуы мүмкін. «Бірақ, мұндай жағдайды жақсылыққа жатқызуға болады» - дейді Санта-Крустағы Калифорния университетінің  оқытушысы Стивен Вогт.

Ғаламшарда судың болуы әлі күнге белгісіз болып қала бермек. Егер суы атмосфералық  жағдайға сәйкес келсе, онда адам баласының өмір сүруіне болады деген сөз. 

Сурет: sydneysolarsystem.com

Ж. FM