- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Жерде магниттік дауыл...
Жерде магниттік дауыл басталды
Жер ғаламшарында магниттік дауыл басталды, деп хабарлайды Росгидрометтің қолданбалы геофизика Институтына сілтеме жасаған РИА Жаңалықтар.
Геомагниттік индекс 29-маусым күні 5-минималдық деңгейге жетсе, кейін ол көрсеткіш 6 балға дейін жетіп, яғни толық дауыл деген атқа ие болды. Геомагниттік дауылдың себебі жоғары жылдамдықтағы күн желі, басқаша айтқанда Күннен бөлініп шыққан зарядталған бөлшектердің әсері деп болжанады. Қазір Күн бетінде үлкен тесік пайда болғаны белгілі.
Ғалымдар бұл тесікті осыдан 10 күн бұрын байқап, Жерде магниттік дауыл 28-29 маусым күндері басталуы мүмкін деген болжам айтқан болатын. Айта кету керек, бұл құбылыс салдары денсаулықтары күн райына тәуелді адамдарға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Осыған дейін магниттік дауыл жөніндегі ақпарат 1-маусым күні Жер ғаламшарының тұрғындарына хабарланған еді.
Ал қазақстандық ғалымдар тұрғындарға бұл құбылысқа аса көп мән берудің қажеті жоқ деп жұбатып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sky24.ru
Б. Қосмағамбет