Эйнштейн шалдың "жер бетінде ара құрыса, адамзат та құриды.."-деген бір ауыз сөзі бүгінгі таңда талайдың көңілін күпті қылып отыр. Аралардың құрып, жойылып бара жатқаны аз жылдарда ғаламшардың ең өзекті мәселесіне айналып жатса, таңғалмаңыз. Оған себеп Варроа таскене-тоғышарының таратып жатқан вирусы. Яғни тажал індеті күн санап жайылып бара жатыр. Бұл жөнінде қоғамдық Science журналы дабыл қағып, алдын алу шараларын ойластыруда.
Гавайда зерттеу жасап жатқан ағылшын оқымыстылары осы бір таскенені (Варроа таскене-тоғышарын айтып отыр) өте нәзік инкубатор деп атайды. Біріншіден, бұл инкубатор асқынған ауру түрін бунақденелілердің қантамырлар жүйесіне таратып, "Формасы өзгерген Гава вирусы" деген атпен тарататын болып шықты.
Гавай аралына Варрораның келгеніне бес-ақ жыл болыпты. Және оны ғалымдар Калифорния штатынан алып келген екен... Бірақ бүгінде бақытқа орай Варрора тескенесі таралмаған аралдар баршылық. Ендігі кезекте зерттеушілер жұқпалы ауру тараған аралар колониясын бөліп алып, таратып жүрмеуі үшін алдын ала сақтық шараларына кірісуде.
Зерттеуге басшылық жасап жүрген Стивен Мартин дәрігердің пікірінше, індет жұқтырған аралардың қандарында аурудың сан алуан штамы, қойыртпағы араласып жатқан болып шықты. Және аталған ауру түрінің өте өміршең болу себебі - қан құрамына бөгде бір нәрсені қосатындығынан.
Вирустың аз ғана бөлшегі зақымданған ағзаға енеді. Сол арқылы бүкіл ағзаны өз иелігіне көшіріп, тұтастай бағындырып алады. Сәл ғана қатердің өзі жұқтыруға жетеді.
Сонымен, ара болмаса, тозаңдану болмайды. Ол болмаса, тіршілік құриды. Ол болмаса... Осылай тізе берсек, кете береді. Ең бастысы тіршілік механизмінің бұзылмауын тілейік.
Сурет: stihi.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт