Жауапкершіліктен қашу кедейлікке апарып соғады

Жауапкершіліктен қашу кедейлікке апарып соғады
Кез келген адам бай болғысы келеді. Бірақ бай болуға көп адамның мүмкіндігі немесе қабілеті жете бермейді. Басымыздағы ауыртпалыққа көніп, оны тағдарға тели салу оңай іс. Алайда адамның қолынан келмейтін ештеңе жоқ екенін ұмытпайық. Сен де бай болуға, жақсы өмір сүруге лайықсың!
Сонымен, бай болудың 15 ережесі:
  • Сіздің әр мәселеңіз қысқа мерзімде шешілуі тиіс, сол кезде аз күш жұмсайсыз. Тез шешім қабылдауға бекем болыңыз. Көп ойланбай, іске кірісіңіз.
  • Біреудің қол астында жұмыс жасауды тоқтатыңыз. Көп жұмыс жасаған сайын өміріңіздің мәні кете бастайды. Кез келген іспен айналысу – жұмыс емес. Жұмыс дегеніміз – құлдық (“работа”- “раб”) деген мағынаны білдіреді.
  • Егер сіз ақшалы болғыңыз келсе, нарыққа қандай да бір құнды зат шығарыңыз. Сол кезде халық ақшаны өзі әкеліп береді.
  • Өзіңіздің қызығушылығыңыз үшін ғана жұмыс істеңіз. Компания сіздің арқаңызда жақсы табысқа кенеледі, олай болмағанда сіз ол жерде жұмыс жасамас та едіңіз.
  • Айына кемінде $2000 табыс  табуды ойлаңыз. Бұдан көп табуға болады, бірақ кем емес!
  • Ақша сізге басқа адамдар арқылы келеді. Араласыңыз! Қарым қатынассыз баю да, тіпті өмір сүру де мүмкін емес.
  • Жауапкершіліктен қашу кедейлікке апарып соғады.
  • Егер сіздің ақшаңыз аз болса, өз бизнесіңізді құрыңыз. Егер мүлдем ақшаңыз болмаса, онда дәл қазір өз бизнесіңізді құрыңыз!
  • Шексіз дәулетке жетудің бірден бір жолы – бейтарап табыс (пассивный доход).
  • Әлемдегі ең дәулетті адамдардың өмірбаяндарын оқып, олардың ойларына құлақ салыңыз.
  • Өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз: “Мен кіммін? Менің қолымнан не келеді? Менің өмірімнің мәні не? Қолымда көп ақша болса, немен айналысар едім?”. Тек шындықты айтыңыз!
  • Әр адамның өміріндегі ең бастысы – арман. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең.
  • Адамдарға көмектесіңіз! Ақша үшін емес, жүрек қалауыңыз һәм жан ләззаты үшін... 
  • Әр жетістігіңізді жазып отыратын жеке күнделігіңізді бастаңыз. Шаршаған сәттерде сол күнделігіңізден қуат алыңыз.
  • Ең соңғы кеңес. Ешқашан, ешқашан, ешқашан мойымаңыз! Және бастаған ісіңізді аяғына дейін бітіруге дағдыланыңыз.

 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: byaki.net

Ш. Талап