Адам миынан өткеннің өшпес елесі мен жазылмас жарасын өшіріп тастауға болады екен. Мәселен, "Упсала" университеті жүргізіп отырған зерттеу адамдардың болашақта қорқыныш атаулыдан зардап шекпейтінін алға тартып отыр. Ол үшін қорқыныштың қай ауылдан келгенін, неден болғанын, тағысын тағы осы сияқты сұрақтарды сұрыптан өткізетін көрінеді.
Жағымсыз әсерді жақсылықпен тоқтатуға болатынына бек сенімді Томас Агрен (аталған ғылым ордасының доктаранты) әлемдегі қорқыныш пен жүйке ауруынан зардап шегіп жүрген жандардың ендігәрі бақытты ғұмыр кешетінін тілге тиек етеді.
Айтпақшы, бұл жақсы жаңалыққа жастар қуанбай-ақ қойса да болады. Себебі, "Корнеллский" университетінің бір топ ғалымдары жақында ғана осы буын өкілдерінің ми бөліміндегі синаптикалық құрылыстың баяу қарқынмен жүзеге асатынын, сол себепті жастардың дені көпшілігінің қорқынышқа қарсы тұра алмайтынын анықтаған-ды.
Бұған денсаулық пен аурудың ешқандай қатысы жоқ. Жай ғана өтпелі кезеңнің өткелінде ұшырасатын қиыншылықтар ғана. Зерттеушілер осыны ескере отырып, шағын эксперимент жасап көріпті. Онда кішкентай балалар мен жастары жиырма жастың ар жақ пен бер жағындағы жасөспірімдер арнайы көзілдірік киіп отырған. Бір уақытта әлгі көзілдіріктің ішінен көп фигуралардың бірі жағымсыз әсер етіп, қорқыныш ұялатқан... Ал енді ертесіне әлгі көзілдірікті алдыңғы толқын мен артқы толқын буынға қайта кигізген. Кішкентайлар кешегі фигураның енді жағымсыз дыбыс шығармайтынын біліп, тыныш, қорықпай отыра беріпті. Ал жастар болса, әлгі фигураның әлегіне түсіп, кешегі қорқыныштан арыла қоймаған болып шықты.
Әзіл. Бір күні жігіт сүйген қызына ұрланып барып, балкон арқылы екінші қабатқа көтеріліпті. Көтеріліп бара жатып екі аяқ-киімін жерге лақтыра салған екен. Және аяқ-киім қыздың ағасының басына келіп түсіпті. Бірақ, ұйқыны жақсы көретін ағасы ары қарай ұйықтап жата берген... Ертесіне әлгі жігіт тағы да келеді. Бірақ, балконнан өрлеп бара жатып, бір ғана аяқ-киімін лақтыра салады. Нәтижесінде ғашығымен қоштасқысы келмейтін сабазымыз қайтып бара жатып, қыздың ағасына ұсталып қалады. Ұйқыны жақсы көретін ағасы неге ары қарай ұйықтап жата бермеген екен? Сөйтсе, аяқ-киімнің екіншісі қашан түседі деп күтіп жатыпты.
сурет: serbianforum.org
Дайындаған: Фараби Бақыт