Кеше сайтымызда "Жас тележурналист білуі тиіс 30 қағида" мақаласының алғашқы бөлімі жарыққа шыққан болатын. Бүгін 30 қағиданың екінші ондығын жалғастырамыз:
1. Балалар:
Сұхбатты балалардан алған кезде объективті баланың көру аймағына орналастырып, өзіңіз отырыңыз.
2. Түсірілім бұрыштары:
Егер түсірілім кезінде камера адамнан биік орналасса, сұхбат берушіні кішірейтеді, ал төмен орналасса үлкейтеді. Сондықтан, камераны көру аймағына орналастыру қажет.
3. Тексеріс:
Түсірілім басталмас бұрын видео, дыбыстың дұрыстығын тексеріңіз. Аяқталған соң да, қайта тексеріп шығуды ұмытпаңыз.
4. Камера өсі:
Бұл – екі адамды не екі затты біріктіретін, көзге көрінбейтін сызық. Сұхбат кезінде камера өсі камерадағы екі адамның мұрын үстінен өтеді. Түсірілім және монтаж кезінде өстің қиылысуынан сақтаныңыз.
5. Кес-кестейтін кадрлар:
Ұзақ уақытты алатын түсірілім кезінде бұндай кадрлар міндетті түрде керек. Өйткені, 10 минут бойына сұхбат берушінің бетін ғана тамашалау көрерменді жалықтырып жібереді. Мысалы, дәрігерді түсірсеңіз, оның ақ халатына жазылған есімін, қолын жақындату арқылы шағын кадрлар алуға болады.
6. Керек емес кадрларды қолданбаңыз:
Жауап бермейтін болсаңыз, көрерменге сұрақ қоймаңыз. Мысалы, желінбеген бәліштің жақыннан көрсеттіңіз делік. Сіз бұл арқылы не айтқыңыз келді?
7. Инкогнито:
Жеке тұлға ретінде түрін көрсетпеуді және атын атамауды жөн санайтын сұхбат берушілер бар. Бұл кезде ең қарапайым тәсіл – адамды жарыққа қарсы қою, ал ең қауіпсізі – қабырғадағы адам көлеңкесін түсіру.
8. Блиц сауалнама:
Бір тақырыпта адамдардың пікірін жинау тақырыпты аша түсу үшін маңызды болуы мүмкін немесе зерттеудің «еріншекке тән тәсілі» болуы да ғажап емес. Сауалнаманы жиі қолданбаңыз және әр адамға сұрақтарды қоярда бірдей сөз тіркестерін ғана қолданыңыз.
9. Адамның сөзі пікірден әлдақайда маңызды:
Кадрдан тыс мәтінге қарағанда сұхбаттан алынған үзінділер әлдеқайда маңызды әрі сенімдірек.
10. Адам эмоциясы:
Адам эмоциясы сіз көрсеткіңіз келген әсерді толықтай жеткізеді. Сондықтан, жансз нысандардан гөрі, адамдарды жиі кадрға алғаныңыз дұрыс.
Жалғасы бар...