Жаңалық деп осыны айт: ғажап оятқыш

Адамның жарты өмірі ұйқымен өтеді. Осы бір сөздің астарында қаншама шындықтың жатқаны ақиқат. Ол туралы ойлауымыз мұң екен, жан-жүрегіміз сыздап, ауырып қоя береді. Ұйқымен күресуде сан түрлі оятқыштар ойлап табылып жатыр. Үндістандық ғалымдар осы орайда тамаша жаңалық ашты. Ғажап оятқыш -  керемет өмірдің алғашқы бастамасы. Сенбей отырған боларсыз, оқып көріңіз! Ғалымдар өтірік айтпайды.
Тамил-Наду штатында орналасқан (Үндістан) Ирусалим инженерлік колледжі жаңалық ашты. Яғни колледж ғалымдары оятқыштың (будильник) International Journal of Biomedical Engineering and Technology атты жаңа үлгісін ойлап шығарды. 

Айтылып отырған жаңа оятқыш адам миының қызметіне, яғни уақыт аралығына тікелей бағынып, адамды тәтті ұйқыдан шыққан фаза аралығында оятады.
 
Ұйқы атаулының нақты функциясы әлі күнге белгісіз. Белгілісі, мидың қалыпты жағдайы - қозғалтқыш пен когнитивтік міндеттер болып табылатыны. Оның үстіне ұйқы имундық, сүйек-бұлшықет жүйесіне қатты әсер етеді. Адам ағзасы өзіне міндеттелген күнбе-күн мәселелерді шешіп, ұйқыға кірісетін болса, онда ертеңгілік өте сергек көңілмен тұрады. Алайда, көптеген адамдар ұйқыны амалсыз бұзуға міндетті болады... Ұйқы кезінде адам миы жартысағаттық циклмен жұмыс істейді. Бірақ, кейде осы циклге бағынбай жүретін адамдар болады. Олар теңертеңгілік өздерін жақсы сезініп, жұмыс істеуге толықтай дайын екендіктерін бағамдайды.
Жаңа оятқыш бас теріге орналастырылатын электродтар арқылы жұмыс істейді. Ғалымдар болашақта бұл электродтардың тоқсыз түрлері шығатынын алға тартты.
Зерттеу барысында жаңа үлгі адамның ояну уақытынан бұрын компьютерлік мониторинг (мидың әрекет ету қабілетін тексеретін) 90 секунд алға қойылды. Одан шығатын қорытынды, кіріктірме компьютер ұйқыдағы адамның ми циклын анықтайды. Егер бір мен екінші циклда болса, онда оятады. Ал үш пен төртінші циклда болса, будильник ойнаусыз қалады.

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, осынау оятқышпен түні бойына мидың қаншалықты қызмет ететінін және адам ұйқысының қаншалықты қатты екенін білуге болады. Ең бастысы, оятқыш ми циклының  бірінші, екінші фазасында оятатын болады. Адам ұйқысын бұзу соншалықты қатыгез болудан қалатын күн алыс емес сияқты.
Сурет: wordpress.com