- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Жаңадан табылған ғаламшар...
Жаңадан табылған ғаламшар Жердің "егізі" болуы мүмкін
Астрономдар жақында Күн жүйесінен тыс аймақтан жаңа ғаламшарды тапты. Ғалымдардың айтуы бойынша, ол Жердің егізі болуы мүмкін. Яғни өмір сүруге қолайлы деп отыр. Табылған ғаламшарды ғалымдар HD 40307g деп атады. Оның Жерден қашықтығы 42 жарық жылы. Бұл дегеніміз 90 триллион шақырым деген сөз.
Одан бөлек тағы да бес жаңа ғаламшар табылған. Бірақ ғалымдар олардан тіршіліктің ешбір белгісін таба қоймаған.
Астрономдар HD 40307g ғаламшарын Жерден 7 есе ауыр деп отыр. Сондай-ақ ғалымдар ғаламшар беті қатты жыныстардан тұрмауы мүмкін деп те болжауда.
HD 40307g - Жерге "егіз" бола алады деп есептелген алғашқы ғаламшар емес. Осыған дейін Kepler-22b деп аталған ғаламшар да өмір сүруге қолайлы болуы мүмкін делінген еді. Бірақ ол Жерден 600 жарық жылына алыс екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.ru
Б. Қосмағамбет