- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Жаңа қан топтары...
Жаңа қан топтары табылды
Вермонт университетінің мамандарының айтуынша, табиғатта 6 қан тобы бар. Белгілі I, II, III және IV топтан бөлек, ғалымдар тағы екі қан тобын (Лангерайс және Джуниор) анықтады.
"Лангерайс және Джуниор типіндегі қан топтары басқа түрлермен көп жағдайда сәйкесе береді. Дегенмен этникалық компоненттерге байланысты сәйкссіздіктер орын алуы мүмкін. Айта кетейік, мысалы 50 000 жапондықтың бойында кері резус факторлы Джуниор тобындағы қан ағып жатыр", - деді зерттеу тобының басшысы Брайан Баллиф.
Бұл жаңалық масс-спектрометрия әдісінің арқасында ашылды. Осылайша эритроциттердің бетінен ABCB6 және ABCG2 протеиндері табылды. Осы транспорттық ақуыздар Лангерайс және Джуниор қан топтарының басты анықтаушысы болып шықты. Айта кетелік, бұған дейін ғылымға қан тобына жауап беретін тек 30 ақуыз белгілі еді. Енді бұл тізімге тағы екеуі қосылды.
Сонымен қатар, аталған ақуыздардың қатерлі ісікке қарсы тұра алатын қасиеті бар екендігі де анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық ракті емдеу жолдарын дамыта түсуге мұрындық болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: doctor.kz