Итальян тілі — әлемдегі танымал тілдердің бірі. Егер паста мен пиццаны жақсы көрсеңіз, қонақжай әрі қызуқанды халықтың мәдениетімен танысқыңыз келсе, онда сіз итальян тілін үйренуге кеңес береміз. Бүгін назарыңызға тілді үйренуге арналған тегін сайттар тізімін ұсынамыз.
Italian Pod 101
Ағылшын тіліндегі сервис итальян тілінде дыбысталу мен тыңдау дағдысын жетілдіруге септігін тигізеді. Сабақтар бастауыш деңгейден жоғары деңгейге дейін жіктелген. Материалдардың түрлі форматы бар: диалог, видео, тест, сөздік тізімі.
Italki
Егер итальян тілінде сөйлеуге ұялатын не қорқатын болсаңыз, онда осы бағдарлама көмегімен жаттығыңыз. Бұл жерде сіз итальяндықпен 30-минут скайп арқылы сөйлесу сабағына қатыса аласыз. Сол арқылы қорқынышыңызды жеңесіз.
BBC. Введение в итальянский.
BBC телеарнасы итальян тілін үйрену үшін тоғыз шағын сабақ дайындап қойды. Бұл сабақтар саяхатшыларға көбірек пайдасын тигізеді. Өйткені, сабақ Италияда туындауы мүмкін тұрмыстық мәселелер аясында жасалған.
Italianoperstranieri
Бұл портал итальян тілін үйреніп жүрген шетелдіктерге арналып жасалған. Материалдар толығымен итальян тілінде жазылып, сала бойынша жіктелген. Емтихандарға дайындалуға арналған жинақ пен біліміңізді тексеру үшін қолданылатын тест жұмыстары да бар.
Repubblica
Атақты рим басылымдарының бірі. Бұл жерде Италиядағы бар жағдай баяндалады. Итальян тілінде сөздік қорды дамытамын дейтін студенттерге арналған таптырмас көмекші.
Итальян тілін үйренуге арналған тағы қандай сайттарды ұсына аласыз?