Италиядағы жағажай кітапханалары

Италияның Чиленто жағажайында "Жағажай кітапханасы - 2012" деген атпен Кастеллеабате қаласының табиғатын қорғау мақсатында өзіндік бастама қолға алынып отыр. 

Енді Кастеллабате, Монтекориче мен Поллика-Аччароли жағажайларында кітаптарды жалға алуға болады. Кәдімгі кітапханалар секілді құмарлана оқыған кітабыңызды уақытылы қайтарып тұрасыз.

Сонымен қатар кітап оқырмандарын қызықтыру мақсатында "кітап қолшатырлары" ұсынылады. Осы қолшатырлар күні бойына сізді теңіз суынан қорғап, у-шудан бөлектеп алатындай... 

Демалыс уақыты біткен соң, кітаптар өз орнына қайтып барады. 

Айта кетсек, ендігі жылы аталған бастама қайта қолға алынбақ. Ол жолы енді бір жағажай емес, бірнеше жағажайлар кітап сөрелерінің астында қалады. 

Сурет:leoltur.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт