- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Интернетті әркім әрқалай...
Интернетті әркім әрқалай сүйеді
Интернетті де әркім әрқалай сүйетін болып шықты. Мәселен, Жапон студенттері мен Египет бизнесмендерінің интернетті жақсы көруі бір-біріне мүлде ұқсамайды.
Осы турасында TNS зертеу тобы Digital Lif бағдарламасы аясында интернет пен адам арасындағы байланысты анықтады. Бұл зерттеуге әлемнің 46 елінен 50 мыңға жуық адам қатысқан. Анықталғандай, интернетте отыратын египеттіктер саны жапондарға қарағанда 2,5 есе көп болып шықты. Ал Ресей болса, уақыт көрсеткіші жағынан әлем бойынша екінші орын алды. Орыс халқы әлеуметтік желілерде көп отыратын болып шықты.
Зерттеудің ең жарқын нәтижесі:
Өмірі онлайнға қосылып жүретін адамдарға интернет медиа-канал болып табылады. Адамдардың 61%-ы күнделікті желіде отырса, теледидарда отыратын адамдар саны 54% шамасында. Бұл дегеніміз, басымдылық интернетте деген сөз.
Интернетті ең көп қолданушы елдер қатарына дамып келе жатқан Азия мен Оңтүстік Америка жатады. Ал онлайн-көшбасшы қатарында Египет (56%) пен Қытай (54%). Америка мен Еуропа әлемдегі ең үздік инфраструктура болса да, артта қалып тұр. Мәселен, интернетті жақсы тұтынатын Данияның өзінде 25-ақ пайыз көрсеткіш.
Ең басты қажеттілік блогтар мен әлеуметтік желілерде. Дамып келе жатқан елдерде. Әрбір 5 қытайдың 4-шісі және бразилиялықтардың жартысына жуығы өз алдарына блог жүргізіп, форумға қатысып отырады екен. Ал Америкада бұл көрсеткіш - 32%.
Әлі дамып үлгермеген электрондық пошталарды әлеуметтік желілер жоқ қылып жіберетін болып шықты. Малазия адамдары әлеуметтік желіге күніне 9 сағат, Ресей 8 сағат, Түркия 7 сағат жұмсайды.
Әлемдегі ең бауырмал елдер қатарына Малайзия мен Бразилия жатады: әр адамның орташа есеппен алғанда, әлеуметтік желіде 231-233 достары бар екен. Ал төменгі көрсеткіш жапондарда: орташа есеппен 29-ақ адам. Және бір қосары, көп адамдар ғаламтор желісіне романтикалық таныстық үшін кіреді екен.
Суреттер: profinance.kz
Л. Лига