Интеллектуалдық сұрақтарымыздың келесі тобын ұсынуды жалғастырамыз. Өз білімдеріңізді онлайн түрде сынап көрулеріңізге болады. Сонымен қатар, біле алмаған сұрақтарыңыздың жауаптарын көру арқылы жаңа ақпаратқа ие болыңыздар.
// =10 && g=15 && g=25 && g 1. Әлемнің көне жеті кереметінің бірін белгілеңіз.
A) Мавзол патшаның кітапханасы
B) Клеопатраның аспалы бағы
C) Тилос аралындағы Колосс мүсіні
D) Родос шамшырағы
E) Артемида ғибадатханасы
2. Крест жорықтары кезінде Арыстан Жүрек Ричардқа қарсы төтеп берген араб сұлтаны кім?А) Осман
В) Мехмет
С) Бейбарыс
D) Салах ад-Дин
Е) Мүбарак
3. Әйгілі Куликов шайқасында жеңген қолбасшыны атаңыз.
А) Мамай
В) Тоқтамыс
С) Дмитрий Донской
D) Александр Невский
Е) Юрий Долгорукий
4. Англиядағы қызылдар мен ақтар соғысы қай әулеттердің арасында болды?А) Ланкастерлер мен Тюдорлар
В) Хэмпширлер мен Йорктар
С) Тюдорлар мен Йорктар
D) Тюдорлар мен Хэмпширлер
Е) Йорктар мен Ланкастерлер
5. АҚШ-тың тәуелсіздік үшін күресі қай тауарды жоюдан басталды?А) Жібек
В) Кофе
С) Шай
D) Піл сүйегі
Е) Қару
6. Кариб дағдарысы кезінде КСРО-ны басқарған кім?
А) Хрущев
В) Сталин
С) Горбачев
D) Брежнев
Е) Андропов
7. NaСlO4 - бұл?А) Қышқыл
В) Әк
С) Қышқыл оксиді
D) Қышқыл қалдығы
Е) Тұз
8. Синус және котангенс
А) Жұп және жұп
В) Жұп және тақ
С) Тақ және тақ
D) Тақ және жұп
Е) Тақ және белгісіз
9. Квадратты теңдеудің дискриминантын табыңыз: 2x(2) + 6x + 3 = 0 (Жақшадағы "2" саны шаршыны білдіреді)
А) -68
В) 12
С) 4
А) -39
Е) 9
10. 1011 санын ондық жүйеге келтіріңіз.
А) 11
В) 14
С) 12
D) 9
Е) 13
11. Энергияның көмегімен мұнайды өндіру әдісі қалай аталады?
А) Газлифтті
В) Сорғышты
С) Аплифтті
D) Эрливтті
Е) Фонтанды
12. Алғашқы Қысқы Олимпиада ойындары қай қалада өтті?
А) Нагано
В) Гармиш-Партенкирхен
С) Лиллехаммер
D) Шамони
Е) Инсбрук
13. Футболдан әлемнің төрт дүркін чемпионы қай ел?
А) Англия
В) Франция
С) Аргентина
D) Бразилия
Е) Италия
14. "Балқаш жолбарысы" лақап атына ие қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы
А) Ермахан Ибраимов
В) Олег Маскаев
С) Василий Жиров
D) Геннадий Головкин
Е) Бақтияр Артаев
15. "Шал мен теңіз" романының авторы кім?
А) Николо Макиавелли
В) Александр Пушкин
С) Эмиль Золя
D) Эрнест Хемингуэй
Е) Тамос Манн
16. Психоанализ туралы теорияның авторын табыңыз.
А) Эмманиул Кант
В) Иоганн Гете
С) Зигмунд Фрейд
D) Генрих Гейне
Е) Франц Кафка
17. "Талқы" романының авторын табыңыз.
А) Тұрсын Жұртбай
В) Сәбит Мұқанов
С) Ғабит Мүсірепов
D) Бейімбет Майлин
Е) Сакен Сейфуллин
18. "Ревизор" комедиясын жазған жазушыны табыңыз.
А) Акунин
В) Булгаков
С) Гоголь
D) Достоевский
Е) Салтыков-Щедрин
19. 4 секунд ішінде 8 Джоульге тең жұмыс орындалады. Ал оның қуаты (Ватт) қаншаға тең?
А) 8
В) 12
С) 16
D) 2
Е) 32
20. "Құс жолы" галактикасында қай ғаламшар Күннен ең алыста орналасқан?
А) Сатурн
В) Юпитер
С) Плутон
D) Нептун
Е) Меркурий
Жауаптарды тазарту
Сурет: premiertuitions.com
Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #2
Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #4
Математикадан онлайн логикалық сұрақтар
Логикалық сұрақтар #2