- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ғылым: ғажап болудың...
Ғылым: ғажап болудың ғаламат тәсілдері
Көзіне түзу қарама...
Екі бірдей психологиялық эксперимент барысында сынаққа қатысушылар өздері мүлдем танымайтын, енді көріп-біліп отырған адамдардың көзіне екі минут бойына қарап тұруы тиіс болған. Анықталғандай, осы бір байланыстың арқасында адамдар бір-біріне сүйкімдірек көріне бастапты-мыс.
Қарым-қатынас орнамай жатыр ма? Саяхат туралы айтыңыз...
Кино туралы әңгімеден соң адамдардың бір-бірімен ендігі кездесулері дүдәмал халде қалып, тиісінше тоғыз пайызға кеми түскен. Ал екінші бір жағдайда, саяхат туралы өрбіген әңгімеден кейін кейбір адамдардың қарым-қатынасы ұлғая түсіпті.
Тартымды болып көрінгіңіз келе ме?
Адам өзінің қаншалықты мықты екенін білуге қанша минут кетеді екен? Бар-жоғы 13 милисекунд. Шын сөз.
Бізге біреудің қаншалықты ұнайтынын анықтау үшін не істеу керек? Нейребиологтар Олсон мен Кристи Маршуец бірлесе отырып, төмендегідей эксперимент жүргізген:
Олар әйелдер мен ерлерге бірнеше, тіпті, одан да көп адам түрлерін көрсеткен. Суреттегі қарапайым және әдемі түрлерді қарау арқылы тартымдылықты анықтау керек болған. Бірақ, бір ғана құпиямен: суреттерді қарауға 13 милисекунд қана беріліпті. Әрине, мұндай жылдамдықта ешнәрсені қарап үлгеру мүмкін емес. Әсіресе, адамдардың түрлерін. Сонымен не керек, сынаққа қатысушылар өз бағаларын беріп үлгерген (өздерінің айтуы бойынша, еш суретті көре алмай қалған). Бәріне қарамастан дәлдік тұрғысында адамдардың көпшілігі қателеспеген болып шықты.
Тартымдырақ көріну үшін аса көп уақыттың қажеті жоқ. Адамның сұлулығы көмекке келуге дайын.
Қызыл киім. Әйел болсаңыз да, еркек болсаңыз да, бәрібір. Қызыл сіздің еншіңізге ұпай салады.
Еркектер жағы сәл-пәл иектеріңізді көтеріңіздер. Ал әйелдерге кішкене төмендеу қажет.
Мейрамханада тамақтану дегенді атымен ұмытыңыз. Сапалы нәрсе ойлап табыңыз.
Ұзақ уақыт некеде тұрған жандардың қарым-қатынасының қайта жандануына не көмектесуі мүмкін? Ғалымдардың сөзіне сенсек, толқынысты сәтті бастан өткеру керек көрінеді.
Ғалымдар 10 күн бойына бірнеше ерлі-зайыптыларды сынаққа алып, біреулеріне тыныш әрі бір қалыпты өмір сүруді тапсырса, екінші біреулеріне шытырман оқиғаларды ұйымдастырып көрген. Шытырман оқиға жеңіп шығыпты.
Уайым мен ішкі толқыныстың қарым-қатынасқа жағымды әсер етуінің сыры неде? Өйткені, адам санасы көбіне жүрек соғысының не үшін жиілеп кеткенін түсіне бермейді. Егер біз бір нәрсеге уайымдап, қайғы шегетін болсақ, сол сәттегі көңіл-күйіміз жанымызда тұрған адамға әсер етпек. Тіпті, ішкі толқыныстан ол бейхабар болса да.
Не сыйлауға болады?
Зерттеу анықтады, сапалы дүние жасауға ұмтылмау керек. Жай ғана сол адамның өзі сатып алғысы келмей (шығынданғысы келмеген ғой) немесе сатып ала алмай жүрген затын сыйға тартсаңыз жетіп жатыр.
Дұрыс сұрақ қойыңыз
Нью-Йорк университетінің психологы Артур Арон адамдармен тез әрі тығыз қарым-қатынас ұстаудың жолын табуға тырысқан. Сөйтсе, бар кілтипан дұрыс сұрақ қоя білуде болып шыққан.
Сынақ барысында Арон бір-бірін мүлде танымайтын адамдарды бір сағат бойына сөйлестіріп қойған. Және тығыз қарым-қатынасқа жетелейтін (бір жыл бойына жинаған) 36 сұрақтың басын құраған. Мәселен:
- Егер сіздің кез келген адаммен тамақтана алар мүмкіндігіңіз болса, онда кімді таңдар едіңіз?
- Атақты болғыңыз келе ме? Қай салада?
- Бәзбіреуге маңызды қоңырау шалмас бұрын алдын ала дайындалып аласыз ба?
- Кімге ерекше разысыз?
сурет:kchiqendil.wordpress.com; egemen.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига