Гуманистік психология. Маслоу концепциясы (Реферат)

Психологиядағы ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде. 

Гуманистік психология өкілдері — А.Маслоу мен К.Роджерс оқытуды ұйымдастырудағы басты принцип «дамытушы көмек» көрсету деп көрсетті. Бұл принциптің мәні мұғалім оқушыға не істеу керек екендігін көрсетіп, проблеманы ол үшін шешпей, оның белсенділігін және ішкі күштерін ояту қажет, өзі таңдау жасап, шешім қабылдап, жауап бере білуге үйрету қажет деп есептейді. К.Роджерс: «Дәстүрлі мектепте өктемшіл, еріксіз оқыту (когнитивтік оқыту типі) жүреді, мұнда оқу үдерісінде білімдерді мұғалім таңдаған бағдарламамен меңгеру ғана жүреді. Ал оқыту типі «тәжірибелік оқу» болу керек. Бұл оқу типі бойынша окушылар ерікті, өз бетінше іс-әрекетте, өзінің тәжірибесінде, пікірталас пен шешім қабылдау барысында оқып білім алуы қажет», — дейді [1]. Тұлғалық дамыта білім беру идеясы 80-жылдарда ынтымақтастық педагогикасында жүзеге асырылды. Ынтымақтастық педагогикасын жаңашылдар педагогикалық үдерісте үйлесімді дамудың қажетті шарты ретінде оған қатысушылардың ізгілікті өзара қатынасын орнату деп түсінді. 
Гуманистік психология көрнекті өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларды орнына келтіріп, шындыққа  жақындау, өміршен психологияны тандап алу еді. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист- психологтар салуатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып білу.  А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік – адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмытылу. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндеті. 

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқы қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс. 
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады. 
Адамның негізгі қажеттілігі – өзін жүзеге асыру (самоактуализация) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді [2]. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады. 
Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді. 
Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады. 
Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі – ол индивидтің тұтастығы. 
Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды – ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз. 
Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар. 
Творчествролық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән. 
Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді. 
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды. 

К.Роджерс бойынша, адам – табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады. 
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субúективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив – ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады. 
К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, “мен” тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды “мен” бейнесін толық көрсеткен. “Мен” бейнесінің дифференсациялануын, субúективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды “мен” бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды “мен” мен реалды “мен-нің” арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды “мен” мен идеалды “мен” бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары. 
Невроздың негізгі себебі – идеалды “мен” мен реалды “мен” арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, “мен” тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар: 
1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік “мен-нің” пайда болуы, “мен” тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы. 
2. Құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт – тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы. 
3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау. 
Абрахам Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Нью-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: “әрбір істеген ісің үшін құдай алдында жауап бересің”, – деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек көріп, құдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған. 
Ол заңды оқығысы келіп, Нью-Йорктегі Сити колледжіне тапсырды. Екі аптадан кейін өзінің адвокат бола алмайтынына көзі жетеді де, Корнелск университетінде эклектикалық курсқа қатыса бастайды. Ол жас кезінде Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді. 
А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді [3]. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатив емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді. 
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін сау бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан Маслоу өзінің зерттеу жұмысын әйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, жаны сау, шығармашылық қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тізімде Авраам Линкольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған. 

А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын және сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған. 
А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар – саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді. 
Бұл теориядағы адамның дамуы, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өзін-өзі танытуымен байланысты танымдық, когнитивтік табиғаты ңжарқырап көрінетінң деңгейлерге ие қажеттіліктер баспалдағымен көтерілу ретінде көрінеді. Автор: ңАдамдар жеке мақсаттарды іздеуге себептенеді және бұл олардың өмірін мәнді, әрі саналы етедің, - дейді. Себептену мәселелері тұлғаның гуманистік теориясында орталық болып табылады және адамды қанағаттануға сирек жететін ңүміткер жан иесің ретінде сипаттайды. 
А.Маслоу теориясының негізін мынадай түсініктермен айтуға болады: 
1. Әр адам - ерекше ұйымдасқан тұтастық ретінде қарастыратын тұжырым, яғни тұлғаның негізгі сипаты тұтастық болып табылады. 
2. Адам өзінің ішкі табиғаты бойынша гуманды, әр адамда өзін-өзі таныту, өсу потенциалы бар. 
3. Шығармашылық потенциал әр адамға тән, әмбебап сипаттама болып табылады. 
4. Психологиялық зерттеу. Денсаулыққа мән беру керектігі туралы тұжырымдама. 
Гуманистік психологияда тұлғаның өсуі өзі жеке, автономды болуы, толысуы, психологиясының сау болуы (К.Роджерс бойынша ) немесе өзінің алдына билік мақсаттар қойып, соны орындауға ұмтылу (А.Маслоу бойынша). 
Сонымен, өзін-өзі дамыту дегенді қортындылап, қысқа сөзбен түсінік беретін болсақ: өзін-өзі дамыту – толыққанды өмір сүріп, өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын біліп, өмірінің мәнін түсіну. 
Өмірдің мәнін түсіну әр қарай өзін-өзі дамытудың жоғарғы түрі – өзін-өзі белсендірілуге өтеді. 
Өзін-өзі дамытудың мақсаты «басқалардан кем болмау, басқалардан артық болу» мақсатымен тұрып қалу емес, «бұрынғыдан да жақсы болу, бұрынғы жетістіктерден де биік жетістіктерге жетуге» ұмтылу. 
Өзін-өзі дамытудың түрлері санқырлы. Мысалы, адам жаңа білімді игеру арқылы, жаңа іспен айналысу арқылы тағы бір саты жоғары көтеріледі. Алдына белгілі бір мақсат қойса, мысалға адамдармен таласып–тартыспауды мақсат етіп қойса, сол мақсатын орындаса, ол жаңа бір белесті алады. Зиянды әрекеттерден бас тартса, бұл да өзінің даму барысында жаңа бір сатыға көтерілу деп есептеледі. 
Өзін-өзі дамыту қалай іске асады? Бұл өзін-өзі тәрбиелеу барысында іске асады, яғни адам өз өмірімен бәсекеге түсіп, өзінің алдына міндет қояды, өзіне-өзі бұйрық береді. «Өзін-өзі дамытудың» мақсатқа жету қортындысы – адамның өзіне-өзі көңілі толуы, өзінің жетістіктерін көруі, алдына қойған мақсатын орындай алуы, өз өміріне ризалығы, өз істеріне көңіл толуы, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынасы. 
Өзін-өзі белсендіру – өзін-өзі дамытудың жоғарғы формасы, ол алдынғы екі формамен тығыз байланыста, әсіресе өзін-өзі дамытумен көптеген ортақ мақсаты мен себептері бар. Өзін-өзі белсендіру теориясының авторы А.Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін-өзі белсендіру – бұл әркімнің өзіне берілген міндетін орындауы, өзіне берілген қасиетті пайдалану арқылы айналасына әсер етуі. Өзін-өзі белсендіруге қажеттіліктен адам өз өмірінің мәнін іске асыру мүмкіндігі туындайды. Гуманистік психология зеріттеушілерінің бірі – В.Франкл бойынша, адам өмірінің мәні ол баста берілмейді, оны іздеп табу керек, оны іздеп табудың үш жолы бар дейді: біздің немен айналысуымыз (шығармашылық, жасау т.б.), біздің өмірден алатынымыз (күйзеліс, қуаныш т.б.), тағдырымызды өзгерте алмауымыз себепті, солай қабылдауымыз. Осы құндылықтардың үш бөлігі бар: жасампаздық, бастан өткеру, қарым-қатынас. 
Адам өмірінің мәнін табудың жолы ар-ұят дейді, В.Франкл [4]. Ар-ұят – белгілі бір жағдайда өмірдің мәнін интуитивті іздеу. Өмірдің мәні дегеніміз бақытқа жетіп, өмірдің рахатын іздеу емес, жасампаздық, бастан өткізу, қарым-қатынас құндылықтарын іске асыру. 
Өзін-өзі белсендіру мақсаты – қас-қағым сәтте толыққанды өмір сүру. Бірақ адам бұл уақыттың қысқа екенін сезінбейді, егер адамның өмірі мән-мағынаға толы болса, ол өзін толық аша алса, өзінің қажеттілігін сезіне білсе, ол өзіне де, өз өміріне де өте риза болып, өмірінің ақырына дейін белсенділігін жоғалтпай, өмірінің табыстарына қуанып, өзінің істеріне көңілі толумен болады. 
Әрине, алдыңғы жағдайлар сияқты, өзіндік өзектілікте де кері беталыс бар, ол – өзінің істеу керек әрекеттерін орындамау, осыдан өзін-өзі алдау, өзін-өзі қорғау үшін әртүрлі сылтаулар іздеу басталады, оның түбі торығуға, үмітсіздікке әкеліп соғады. 
Сонымен, өзін-өзі белсендіру үрдісінде адам болымысының екі бағыты тоғысады: өзіндік тану мен өзіндік өсу. Өзін-өзі тану арқылы, адам өзінің қажеттілігін мойындату үшін өз дарынын, қабілетін, мүмкүндіктерін барынша аша түседі және соларды пайдаланады. 
Өзін-өзі белсендіруді сезіну – өмірінің мәнін табу, өзін толық ашу, өз міндетін толық орындау, өмірді толық сезініп, өз өмір сүруінің басты қажеттілігін түсіну, сезіну. 

Өзін-өзі белсендірудің қандай амал-әдістері бар? А.Маслоу оның 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді: 
1. Бүкіл болымысымен бастан өткеру. 
2. Өмір әрқашан таңдау үрдісінен тұрады: алға жылжу немесе кейін шегіну; жеке таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлық істеу немесе ұрламау т.б., бір сөзбен айтқанда, өсуді таңдау мүмкіндігі. 
3. Адам өзін-өзі тыңдай білу қасиеті, яғни, өзгенің емес, өз пікіріне сүйену. 
4. Адал болу қасиеті, өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті. 
5. Ерікті болу қасиеті. 
6. Өз мүмкіндіктерін өзектендіру нысаны және оның қортындысы. 
7. Қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беру мүмкін емес, оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ. 
8. Адамның өз психологиялық паталогиясын табуы, одан қорғануы және оны жоюға күш салуы. 
Өзіндік өміршеңдіктің қорытындысы – өз өмірінің мәнін түсіну, қателіктерді түзету арқылы дұрыс жолға шығу, өзіңді тұлға ретінде мойындату, өзіңнің ерекшелігіңді, ешкімге ұқсамайтындығыңды, жан-жақтылығыңды мойындату. 
Гуманистік психология-американдық, қазіргі батыстық бағыттардың бірі, 50-ші жылдары Калифорнияда туындады. Гуманистік психологияның зерттеу пәніне өзін-өзі белсендендіруге ашық мүмкіндік беретін толық жүйе ретіндегі тұлғаны жатқызады. Ол егер адамға өз тағдырын таңдау мен бағыттауға мүмкіндік берсе, әрбір адамның даму мүмкіндігіне негізделеді.Оның негізгі принциптерінің құрылуы мен пайда болуы американдық психолог А.Маслоудың есімімен байланысты. Оның орталық көзқарасына-шынайы психикалық денсаулықты көрсететін максималды шығармашылық, өзін-өзі ұйымдастыру қажеттілігі туралы көрініс, тұлғаның құрылу түсінігі болып табылады. 
А. Маслоу бойынша тәрбие мен қоғамдық нормалар адамдарды өздерінің сезімдері мен қажеттіліктерін ұмытуына және басқалар атаған құндылықтарды қабылдауына мәжбүрлейді. Сондықтан адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда болуға кедергі жасап, шектеулі болып келеді. 
Қажеттіліктер – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық, белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады. 
Бихевиористік бағыттың дамуына зор үлес қосқандардың бірі – американ психологы, гуманистік психологияның жетекшілерінің бірі Абраам Маслоу (1908 -1970). Ол адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде - адамның өзін-өзі танытуға ұмтылуын, өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды. А.Маслоу өзінің меншікті биографиялық әдісін пайдаланады. Ұлы адамдардың өмір тарихын, биографияларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келеді: өзін-өзі таныту қажеттілігі – дені сау адамдарда ғана пайда болады. 

А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934), “Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық” (1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу “қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен ынтаның (қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды. 
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді: 
• адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді; 
• адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді; 
• қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан; 
• қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды; 
• егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады; 
• көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді; 
• "пирамиданың" негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді; 
• жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды; 
• төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет. 
Маслоудің іліміне сәйкес адам түрлі қажеттіліктерге ие, оларды негізгі 5 категорияға бөлуге болады: 
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек. 
Адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ауа қажет. Ауа тіршілік көзі. "Ауа өмір тынысы" деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Айналамызда жасыл өсімдіктер неғұрлым көп болса, ауада соғұрлым таза. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану - әрбір адамзаттың негізгі қажеттілігі. 
Адам аштыққа ұшыраса, ол ең алдымен тамақ іздейді. Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Күніне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш, төрт рет тамақтану керек. Үшінші тамақ құнарлы болғаны жөн. Дұрыс тамақтану - адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Биологиялық қажеттіліктер орындалғаннан кейін, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы, физикалық тәуелсіздік сияқты қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек. 

Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі (экзистенциялық қажеттіліктер) қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б. болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді.Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді. 
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер). Адам ұжымның мүшесі болуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға ұмтылады. Ол адамдардың көңілін өзіне аударғысы келеді, жақын араласушылық пен қолдауға, достық пен махаббатқа мұқтаж. 
Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер) Адам өзін сыйлауды, оның қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті мойындауды, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашуды, қызмет сатысы бойынша өсуді, айналадағылардан сыйласушылықты, ұжымдағы лидерлік позицияны үстануды қажет етеді. 
Өзін-өзі таныту қажеттіліктері (рухани қажеттіліктер). Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен дағдыларын барынша толық пайдалануға ұмтылыс танытады. Бұл қажеттіліктер өз көрінісін өнер, тұлғаның өзін көрсетуі арқылы көрініс табады [5]. Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды жатқызуға болады. 
Физиологиялық және қауіпсіздік пен болашаққа сеніммен қарау қажеттіліктері алғашқы ретті (базисті) қажеттіліктерге жатады, ал қалғандары – екінші ретті (туынды) жатады, олар үнемі өзгеретін немесе метақажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктерді иерархиялық құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып, адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады. 
Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті. Біріншіден, қажеттіліктер көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың мазмұны, ұйымдағы жағдай, жас, жыныс және т.б.). Екіншіден, бір топ қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу “пирамидасы” көрсеткендей, жүруі мүмкін емес. Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады. 
Тұлғаның дамуын түсіндіруге арналған негізгі принциптер: жоғарыдағы қажеттіліктерді ұйымдастыруға кіріспес бұрын, төмендегі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. Онсыз жоғары деңгейде тұрған қажеттіліктер қанағаттандырылмайды [6]. Негізінде адам қажеттіліктер табалдырығына неғұрлым көп көтерілсе, соғұрлым ол дара және дені сау, гуманды болады. Пирамиданың ең үстінде өзін-өзі белсендендірумен байланысты қажеттіліктер тұрады. Бұл деңгейге тек 1% ғана жетеді. Көбісінің өзінің потенциалына көзі жабық және оның бар екенін білмейді. Қоғамда тұлғаны белсендіндіру тендециясы бар, оған қоршаған орта әсер етеді. Ол отбасына да қатысты: достық, сенімділік, қауіпсіз, қажеттіліктері қанағаттандырылған ортада өскен балаларда өзін-өзі белсендендіруге де мүмкіндік бар. Негізінде, егер адам өзін-өзі белсендендіру деңгейіне шықпаса, бұл дегеніміз төмендегі қажеттіліктердің біреуінің «шектелгендігі». 
Тұлғаның дамуы – бұл өзінің «шынайы Менін» түсінудегі тенденция сияқты өзін-өзі белсендендіру мен өзінің «шынайы Менін» түсінудің жоғарылау, конкуренттіліктің жоғарылауы [7]. 
«Өзін-өзі белсендендіру» дегеніміз не? деген сұраққа А. Маслоу: «Өзін-өзі белсендіруде адамдар белгілі бір іс-әрекетке енгізіледі. Тұлға осы іске берілгендіктен, ол үшін құнды болып табылады». 
Топқа ену мен өзін сыйлау сезімі-өзін өзі өзектендіруге қажетті жағдай, өйткені адам өзін тек өзі және басқалар туралы ақпарат алғанда ғана түсіне алады. Керісінше, тұлғаның дамуына кедергі жасайтын патогендік механизмдер мыналар: шынайылыққа қатысты пассивті позиция, шығарып тастау және «Менді» қорғаудың басқа амалдары, проекция, ауыстыру, заттардың шынайы жағдайын ішкі тепе-теңділікке қарай бұрмалау. 
Сонымен тұлғаны өзін-өзі өзектендіру теориясы бойынша, адамның міндеті- қоғамда өзіндік түрде болу. 
Қорыта келгенде, өзіндік даму қиын, күрделі, жан-жақты үрдіс екенін көрдік, оның жақсы немесе кері жақтары барын, өз-өзінің мақсаты, түрлері, кескіні барын көрдік. В.Франкл мынадай жақсы сөз айтқан еді: «Тағдырды өзгерту мүмкін емес, егер оны өзгерте алсақ, ол тағдыр болмас еді. Адам оны өзгерте алмайды, әйтпесе ол адам болмас еді». Өзін-өзі жасау қабілеті – адамдық болымыстың ерекше билігі. 
Психологиялық механизмдердің мәселелеріне тоқталайық: олар өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау. 
Өзіндік дамудың механизмі ретіндегі өзіндік қабылдау және өзіндік болжау. Өзіндік танудың механизмдері жайлы сөз болған уақытта біз сәйкестік өзімізді бірдеңемен теңестіруге әкелетінін байқадық, ал рефлексияда (сананың өзіне психикалық көз жүгіртуі, өзіне назар аударуы) өзімізге сырттан қарайтынымызды байқадық және өзін-өзі болжау адамның өз-өзін, кейбір қасиеттерін қалай қабылдауына тікелей байланысты. 
Сондықтан, тағы бір еске салып өтейік: өзіндік қабылдау – ол адамның өзін-өзі тануы, өзіндік дамумен қатар жүретін құбылыс. 


Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. – М., 1994. 
2. Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы.–М.: 2010. 
3. Маслоу А. Дальние пределы человеческой психики. – СПб, 1997. 
4. Франкл В. Психотерапия на практике. – СПб, 1999. 
5. Орақова А.Ш, Корнилова Т.Б. Коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы. – Алматы, 2014ж. 
6. Аймауытов.Ж. Психология. Алматы. 1995ж. 
7. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе - «Алматы университеті», Оқу құралы – 2012 ж.