- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Генетиктер әлемдегі ең...
Генетиктер әлемдегі ең ежелгі халықты тапты
Африканың оңтүстігінде өмір сүріп жатқан қойсандық халықтар жер бетінде пайда болған саналы адамдардың ең бірінші ошағы болуы мүмкін деген тұжырыммен бір топ генетиктер Science журналына мақала жариялап отыр.
Африка халықтарының тарихына үңілетін болсақ, онда қойсандық халықтардың кішкене тайпалар шоғыры екенін білеміз. Қазіргі таңда аталған халық өздерінің "шықылықтау" тілімен бар әлемге танымал. Және қойсандық халықтың құрамына бушмен мен готтентот секілді тайпалар кіреді. Ең қызығы сол, жоғары да айтап кеткендей, бүкіл әлемде бұл халықтың мәдениеті мен салт-санасы ешкімге ұқсамайтындығы. Өз кезегінде ұқсауға тырыспайтындықтары...
Швециядағы Упсала университетінің генетиктері қазіргі таңда жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың гендерін тексеріп көрген. Африкалық халықтар мен әлемнің басқа да халықтары сынаққа түсіп, нәтижесінде қойсандық халықтың генетикасы ешбіріне, ешқайсысына ұқсамайтын болып шықты. Анықталғандай, қойсандық халықтың түп тарихы бұдан 100 мың жылдардың қойнауында жатқан болды.
Сонымен айды аспаннан шығармаса да, адамзат баласының бастау тарихын нысанаға алып, зерттеу жасаудан ерініп көрмеген және маңызды жаңалық ашып отырған генетик-ғалымдар адамзат баласының бірнеше даму ошағы болғанын алға тартады. Бұл дегеніміз, саналы адамдардың өсіп-өніп шыққан ортасы бір өркениеттің ғана еншісінде емес деген дүние.
сурет: fotoart.org.ua
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига