Генетиктер адам өмірін 800 жылға дейін ұзартпақ

Таяуда ғалымдар адам ағзасының ұзақ өмір сүруіне жол тапты. Енді жер бетіндегі адамдар 800 жылға дейін өмір сүре алады дейді. Тек зерттеу қорытындысы сәтті аяқталса деп отыр.

Солтүстік Колифорнияның ғалымдары ашытқы бактериялардың өмір-жасын он есе ұзартып, нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізіп, ендігі кезекте адамдарға қолдануға болады деп отырған көрінеді. Бар құпия - екі геннің көзін жою және калория қолданысын азайту. 

Бүгінгі таңда аталған ғылым ордасының зерттеушілері Эквадор жерінде жаңа тәсілге сынақтар жүргізуде.

"PLoS Genetics" журналына шыққан зерттеу қорытындысына көз жүгіртсек:

"Зерттеушілер ешқандай қоспасыз, таза күйде ғұмыр-жастары 10 есе ұзарған наубайхананың ашытқы бактерияларын жасап шығарды. Үлкен зерттеуге ұласқан жаңа тәсіл генетикалық комбинация мен тұтыну қолданысын өзгерту аясында жүзеге асты. Осының арқасында зерттеушілер адам өмірі мен бүкіл тірі ағзалардың тіршілік құрылымын қолға алуға бір табан жақындай түсті. "Біздер ағзаның жаңа өмір сүруге қарасты жаңа бағдарламасын жасап жатырмыз" дейді зерттеуге жетекшілік ететін Вальтер Лонго".

сурет:io9.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек