Махаббат таусылмайтын әңгіме. Бірер аптадан соң көктем келеді. Көктем табиғаттың әр бөлшегі құлпыратын жыл мезгілі. Сезімдер оянып, адам баласы айналасына ерекше мейіріммен қарай бастайды. Бүгін сіздерге ғашықтар туралы 5 туындыны ұсынамыз. Арасында сіз оқыған шығарма болса, міндетті түрде пікір не блог ретінде өз пікіріңізбен бөлісіңіз. Атауы: ҒашықтарАвторы: Ілияс ЕсенберлинҒашықтық, маxаббат деген ұғымнан бұрын адамның нәпсісінің қаншалықты маңызды екені сөз етіледі. Нәпсіге ерік берсек, сыйға алған тағдыр мүмкіндігінен айырылып қалатынымыз басты мәселе ретінде қарастырылады. Адам сүю үшін руxани тұрғыдан күшті болуы тиіс. Біреуді жақсы көру ол өзіңді екі есе сыйлай білумен тең. Махаббат хикаясымен бірге, тұлға болып қалыптасуға керек қасиеттердің барын сөз ететін шығарманы оқуға кеңес береміз. Атауы: Махаббат, қызық мол жылдарАвторы: Әзілхан НұршайықовЕрбол мен Меңтай арасындағы ұлы махаббаттың күшін сезінгіңіз келсе, бұл кітапты міндетті түрде оқыңыз. Адамдардың арасындағы достық, студенттік шақтың қиындығы мен соғыстан кейінгі жастар өміріндегі ерекшеліктің барлығын сөз етеді. Кей адамдардың өзгермейтінін, бойындағы айуан қасиеттер жоғалмайтынын, олардың жасаған қасақана әрекеті шынайы махаббатқа ешқашан тосқауыл болмайтынын түсінесіз. Атауы:Мастер және МаргаритаАвторы:Михаил БулгаковӘр жазушы үшін махаббат әр түрлі. Біреу оны өмірлік жаза деп қабылдаса, біреулер үшін қайырымдылықпен өлшенеді. Ал, Булгаков үшін махаббаттан ерікті түрде бас тарту жан-дүниенің өлімімен, ал мүлде сүйе алмау ешқашан өмір сүрмегенмен тең еді. Мастер мен Маргаританың махаббат оты бір көргенде-ақ тұтанған. Бұл сезім оларға тек қуаныш сыйлап қана қоймай, жанын талай азапқа салған... Атауы: Мөлдір махаббатАвторы: Сәбит МұқановБұл роман да соғыс уақытына тұспа-тұс келген махаббатты баяндайды. Бүркіт пен Бәтес арасындағы махаббат тым нәзік. Бүркіт өз сүйіктісінің бетіне қарауға ұялған сәтін айтсаңызшы. Бұл сыйластық, бұл ішкі арпалыс. Дегенмен, сынақсыз махаббат болмайды. Бұл екі ғашықты тағдыр қалайша сынады екен? Атауы: Намыс пен тысқары түсінік (Гордость и предубеждение)Авторы: Джейн ОстинБірнеше ғасырды басынан өткерсе де, өзектілігін жоғалтпаған ағылшын классикасы. Дарси мен Элизабет арасындағы махаббат. Олардың махаббаты күйдім-сүйдімнен емес, жек көрініштен тұратын секілді. Қызға тән намыспен Элизабет жігітке деген сезімін жүрегіне ғана сақтап қойса, жігіт өзінің намысқой болмысына бола қызға деген сезімін мойындауға қауқарсыз. Бірақ, олар бәрібір махаббат атты ұлы күштің алдында бас иеді.Міне, сіздерге ұсынатын ғашықтар туралы 5 туындының реті осындай. Сіз қай кітаптыұсынасыз?