- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Гарвард университетіндегі кейбір...
Гарвард университетіндегі кейбір кітаптар адам терісімен қапталған
Гарвард – әлемдегі ең үздік университеттердің бірі. Гарвард өзінің миллиардер түлектерінен бөлек, АҚШ-тағы үшінші үлкен академиялық кітапханасымен де танымал. Себебі Гарвард кітапханасында адамның терісімен қапталған кітаптар сақталады.
Университеттің кезекті кітап санау процесінде табылған үш кітап сыртқы мұқабасымен көзге түскен. Сирек кездесетін кітап қорына жауапты мамандардың айтуынша, табылған кітаптар адамның терісінен жасалған. Мұны кітаптың ішіндегі жазба дерек те растаған.
Гарвард ғалымдарының айтуынша, кітапты жасау кезінде адамның терісі тірідей сыдырып алынған-мыс. Орта ғасырда жазылған кітаптар Рим поэзиясының жинағы, француз философиясынан оқулық және ортағасырлық испан заңнамасы туралы трактат екен.
Ресми түрде берілген мәлімдемеге орай, кітап басуда адамның терісін қолдану XVII ғасырда танымал болған. Әсіресе анатомиялық оқулықтардың мұқабасын дайындауда адам терісі қолданылған.
Гарвард кітапханасының басшылығы сирек кітаптарды жоюдың орнына, әдеттегідей қолданысқа бере беруді ұйғарып отыр. Университет кітапханасының директоры Сидни Верба кітапхананың көне баспалар залында адам терісінінен жасалған кітаптар тағы бар болуы мүмкін екенін жасырмады. Бір қызығы, бұл кітаптар Гарвард студенттері арасында жоғары сұранысқа ие екен.
Ж. Өрісбай