Массачусетск университетінің ғалымдары ақ түсті бояумен Жерге қауіп тудыратын астероидтардың бағытын өзгертуге болады деп сендіреді.
Аталған ғылым ошағының аспиранты Сон Вук Пэктің сөзіне сенсек, ақ түсті бояу астероидтың сыртқы қабатынан шағылысатын фотонның мөлшерін көбейтеді-міс. Және механикалық импульс ғарыштық денеге бағытталып, ақыр аяғы бағыты өзгереді дейді.
Ең қызығы сол, Пэк мырза ғарыштық денеге пейнтболдың дағы бар шарларын қолданбақ. Екі "бұлттық" кезең арқылы қауіптің бетін ары қылмақ.
Мәселен, 2029 жылы Жерге жанай өтетін "27-алып" астероидына 5 тоннадай пигмент (дақ) кететін көрінеді. Күн қысымының арқасында келер қауіптің бағыты бес жылға өзгермек.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/auSr_aO_gRo?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});
сурет:yugopolis.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек