- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ғалымдар мамонттың тірі...
Ғалымдар мамонттың тірі жасушаларын тапты
Осыдан 10 мың жыл бұрын жер бетінен түпкілікті жойылып кетті деп саналатын пілдің арғы аталары туралы енді толыққанды зерттеуге болатын сияқты. Мамонтқа қатысты материалдар табылды.
"Яна-2012" деп аталатын халықаралық палеонтологиялық экспедицияның мүшелері мамонтты зерттеуге қажетті керемет материалдар тауып отыр. Оның ішінде тарихқа дейінгі кезең жануарының тірі жасушалары осы күнге жеткен болып шықты, деп хабарлайды "Интерфакс".
Усть-Янский ауданында болған зерттеу тамыз айында басталған еді. Ресей, Корея, Швеция мен Англия секілді елдің ғалымдарымен бірге Солтүстік-Шығыс Федеральдық университетінің зерттеушілері ат салысты.
"Тамаша жердің төскейінен 100 метр тереңдікте зерттеуге қажетті керемет материалдар тауып отырмыз. Мәселен, мамонттың тірі жасушалары мен терісі, жілік майы дегендей.." -деп Солтүстік-Шығыс Федеральдық университетінің зерттеушісі Семен Григорьев сөз сабақтады.
Аталған экспедицияның зерттеулері жөніндегі қызықты мәліметтер жарты жылдың ішінде газет-журналдарға басылып шықпақ. Ал бейнебаян National Geographic каналынан көрсетілетін болады.
Өздеріңіз білетіндей, 2011 жылы ғалымдар Усть-Янский ауданында мамонтпен қатар ертедегі бизонның, аттың сүйектерін тапқан болатын.
сурет:photosof.org
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига