Аустралия мамандары адамды семіздікке шалдықтыратын жұмыстың түрін атады. Олардың айтуынша, маңызды шешім қабылдап, үнемі жауапкершілік арқалайтын қызметкерлер салмақты тез қосып алуға бейім.
Күрделі мәселелерді шешіп, жұмыстың бүкіл ауыр жүгін арқалаудан адам күйзеледі. Бұл ретте түрлі лауазымды қызметті атқарушыларға оңай соқпайды. Сондай-ақ ақыл-ой жұмысымен аз айналысатын мамандарға семіру қаупінің жоқтығы да анықталды. Ал адамның мансабы артып, жұмыс жүгі ауырлаған сайын, ол тамақтану нормасынан ауытқып, салмақ қоса береді. Себебі үнемі қам жеп, уайымдау адамның энергия жұмсауын талап етеді.
Дереккөз: 24.kz