Ғалымдар арфа тәріздес омыртқасыз жыртқыштың жаңа түрін тапты

Ғалымдар арфа тәріздес омыртқасыз жыртқыштың жаңа түрін тапты

АҚШ-тың Калифорния жағалауында 3,5 мың шақырым тереңдікте суда тіршілік ететін омыртқасыз жыртқыштардың жаңа бір түрі табылды. Ғалымдар оған Chondrocladia lyra деген ат қойды. 

Балық пішіні лира немесе арфаны елестетеді. Chondrocladia lyra горизонтальды өсінділерімен көмкерілген. Жоғары жағына қарай бірнеше параллельді "ішектер" орналаcқан. Ол арқылы балық жанындағы жәндіктерді ұстап алып, мембрана арқылы жаймен қорытылады.

Chondrocladia lyra

Ғалымдар омыртқасыз жыртқыштың жаңа түрін су астын зерттеу институтының (MBARI) терең суларға арналған аппараты арқасында тауып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru 

Б. Қосмағамбет