- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ғалымдар адамдардың жақсы...
Ғалымдар адамдардың жақсы мен жаманға бөлінуі себептерін түсіндірді
Швеция мен Ұлыбритания биологтары адамдарды жақсы-жаманға бөлу себебін түсіндірді. Зерттеу PLOS Computational Biology журналында жарияланды.
Жұмыс барысында адамдардың басым бөлігінде сол немесе өзге мінез-құлықтың қалыптасуына генетикалық бейімділік болатыны анықталған. Мұндай тұжырымға ғалымдар жануарлар мен адамдардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасының эволюциясын зерделеуге мүмкіндік беретін математикалық модель әзірлей отырып келді.
Микробтардың болуын сипаттайтын үлгіде биологтар адамдардың әлеуметтік эволюциясының үлгісін жасап көрді. Олар басқаның қамын ойлауға ықпал ететін және кедергі келтіретін белгілердің өсіп-өніп таралуын болжады.
Адамдардың мінезі тұқым қуалайтын генетикалық факторлар жиынтығымен айқындалады. Атап айтқанда, қоғамның басқа мүшесімен байланысты қамтамасыз етеді. Мұндай өзара әрекет тікелей жеке тұлға үшін көбінесе тікелей зиянды болады. Алайда топқа қатыстылығын ұғыну жағдайды өзгеше қабылдауға мүмкіндік береді.
«Біз бүгінде мұны мінез-құлыққа ықпал ететін басқа факторлармен бірге бірыңғай құрылым аясында зерттеуге мүмкіндік беретін модель әзірледік», деді зерттеуді бірлесіп орындаушы Олоф Леймар. Ол зерттеушілер өз моделін эскпериментте тексеріп көрмекші екенін атап өтті.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы