- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ғалым мұрасы...
Ғалым мұрасы
2017 жылдың 28 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ф.ғ.д., профессор Талғат Сайрамбаевтың 80 жылдығына орай «Қазіргі қазақ тілі өркениет бәсекесінде: зерттеу парадигмалары және оқытудың мобильді технологиялары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
Конференция жұмысында төмендегідей бағыттар негізге алынды: Профессор Т. Сайрамбаев ғылыми мектебінің ізденістері; Қазақ тілін жаңа заман үрдісіне сай зерттеу; Қазақ тілін оқытудағы мобильді технологиялар; Мәдениеттер тоғысындағы тіл мен әдебиет.
Конференцияның пленарлық бөлігі онлайн режимінде өткізілді. Оған алыс-жақын шет ел және қазақстанның жоғары оқу орындары, атап айтқанда Гази университеті, Бейжің шетел тілдер университеті, ҚХР Орталық Ұлттар университеті, В.И. Вернадск атындағы Қырым федералдық университеті, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және т.б. университет ғалымдары қатысып баяндама жасады.
Конференция материалдары бойынша арнайы электронды диск шығарылып, сертификат берілді.
Профессор Т. Сайрамбаевтың қазақ тіл біліміне енгізген жаңалықтары дәріптеліп, қазақ тілін жаңа заман үрдісіне сай зерттеу, қазақ тілін оқытудағы мобильді технологиялар, мәдениеттер тоғысындағы тіл мен әдебиет мәселелері зерделенді.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ доценттері
Ә.Ж.Әміров, Л.Т.Әлімтаева