Ғаламшардың тағдыры қара энергияның қолында

Ғаламшардың шекарасы қара энергияның арқасында құлашы жайыла түскенмен, жойылып кету де қаупі бар екен. Бұл туралы қытайлық астрофизиктер Science China журналына берген сұхбатта айта кетіпті.

Пекин университетінің ғалымы Син Чжан жетекшілік еткен астрономдардың сөзіне сенсек, Ғаламшардың тағдыры тікелей қара энергияның негізгі қасиетіне тәуелді. Оның ішінде тығыздығының үлкейген және кішірейгеніне байланысты энергия өзгерісін айта кетсек болады. Ғарыштық кеңістікте бұны "w параметрі" дейді. Егер де осы бір параметр 1-ге тең немесе төмен болса, онда Ғаламшар созылған үстіне созыла түспек... Бұл дегеніміз, гравитацияның бірсін-бірсін әлі кеткені өз кезегінде Ғаламшардың, жұлдыздар әлемінің, тағысын басқа да толып жатқан дүниелердің бұзылуына әкеліп соғатын болып шықты. 

"Егер ақырзаман шынымен бар болса, ол қашан болмақ? Біздің есептеуімізше, жақсы жағдайда 103 миллиард жылдан соң, жаман жағдайда 16,7 миллиард жылдан кейін орнайды. Сол уақытта Ғаламшар да өмір сүруін тоқтатпақ" - деп астрономдар ағынан жарылған. 

Сонымен қатар астрономдар w = -1 жағдайына қара энергияның қалай әсер ететінін бағамдай кеткен. Онда олар шамамен 33 миллион жылдан соң ("Үлкен ажырау") бүкіл ғалам, құс жолы да жойылады деп, Жер болса "Х" сағатына бес сағат қалғанда Айды жоғалтады деп, содан кейін бәрі құрып біткенге дейінгі аралықта 16 минут бұрын біздің Ғаламшар, 30 аттасосекундтің ішінде атомдар тіршілік сүруін тоқтатады деп санауда. 

Және бір қоса кетері, "w" параметрі мүлде басқа жағдайда орын алуы мүмкін. Бір жағынан алғанда осы іспетті зерттеулердің арқасында ғарыштық моделдердің, ең бастысы "w" параметрін болашақта жақсы біліп алуға болады деп пайымдауда екен қытайлық зерттеушілер.

Сурет:earth-chronicles.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт