Жұмбақ толы Жер ғаламшарында адам ашпаған қаншама сыр жатыр. Сырғақтап жүріп суып қалған іздеріне ара-тұра ғалым атаулы із салып, іздену жұмыстарын жүргізіп жатады.
Қытайдағы нақышты өрнек
Осы бір жұмбақ бөтен өрнектер Қытайдың Ганьсу Шен провинциясынан табылған. Олардың координаты: 40°27’28.56″с.ш., 93°23’34.42″в.д. Жұмбаққа толы, сұлу өрнектер беймәлім болып қала бермек.
Ресми емес мәліметтердің бірінде олардың 2004 жылы пайда болғаны туралы айтылады. Осы тұста бір айта кетерлігі, әлгі өрнек бүкіләлемдік мұра саналатын Могао үңгірінің қасынан ұшырасқан. Өрнектің өзіне келер болсақ, үлкен көлеміне қарамастан, барлық тепе-теңдіктің сақталуы әлі күнге таң-тамаша қылдыруда.
Сырға толы тас қуыршақ
1889 жылы Айдахо штатына қарасты Нампа қалашығының маңындағы кезекті ұңғыма жұмыс күндерінің бірінде табылған. 320 фут тереңдіктен адам қолынан жасалған тас қуыршақ шығыпты. Бар құпия сол, тереңдікке қарап санамалайтын болсақ, онда аталған қуыршақ адам баласының жер бетіндегі алғашқы жаратылысынан да ерте кезге жататын болып шықпақ.
Бәріне қарамастан, ғалымдар арасы бәлендей пікір таластырып, шеке қыздырып отырған жоқ. Олардың бар тұжырымдамасы - мұндайдың болуы мүмкін емес.
Алғашқы тас күнтізбе
Египетте жер бетіндегі ең көне астрономиялық күнтізбелік мұра жатыр. Атауы - Набта. Сахара шөлінде орналасқан. Стоунхендж құрылмастан мың жыл бұрын адамдар өзеннің кепкен тұсына жұмыр тастарды орналастырып, алты мың жыл бұрын қара жұмысшылар үш метрлік алып тастарды бір километрге дейінгі арақашықтықта жайғастырған.
Ескі мұрағаттарда аталған жерде ылғалды кездің болғаны туралы деректер кездеседі. Мәселен, осыдан 130 мың жыл бұрынғы соңғы мұздықаралық дәуірде мұнда жылдық жаңбыр түсімі 550 мм-ге жеткен деседі.
Осы уақытқа дейін бизон мен керік, бөкен мен қарақұйрыққа пана болар саванна болып келген. Біздің дәуірден 10 мыңжылдықта жауын жылғаларымен су арнасы толысып, алғашқы қоныстанушылар келе бастапты-мыс.
300 миллион жылдық темір шұрып
1998 жылдың жазында орыс ғалымдары Мәскеудің оңтүстік-батысындағы 300 шақырымға созылып жатқан ұланғайыр аумақта метеорит қалдықтарын жинау күндерінде тас ұшыратқан. Геологтар сол арада тастың жасы 300-320 миллион жыл екенін есептеп шығыпты.
Ол уақытта Мәскеу төрінде қоғамдық өмірді айтпағанның өзінде, динозаврлар да болмаған дейді. Ал темір шұрыптың ұзындығы - 1 сантиметр, ені - 3 миллиметр екен.
Көне уақыттағы ғарыштық кеме
Жапониядағы осы бір сурет өнері біздің дәуірімізге дейінгі 5000 жылдыққа жатады.
Көшпелі тастар
НАСА-ның өзі де түсіндіруге әл-дәрменсіз. Өлім даласындағы Рейстрек-Плай өзенінің кеуіп кеткен арнасы көшпелі тасқа толы.
Энергия көзі
Мексика, Теотиуакан қаласы. Ескі қаланың көне жұртында қара шақпақтасты пирамидалар ерте кезде қуат көзі ретінде пайдаланылыпты-мыс. Тек ұмытылып кете барғаны, өкінішті-ақ.
Иттердің құпия өлімі
Шотландияның Овертаун көлінің маңында 1859 жылы белгісіз сәулетшілердің көмегімен көпір салынған. Өз-өзін өлімге қиған иттердің жантүршігерлік өлімдері аталған көпірдің мойнында кетіп отыр.
Әсіресе, 1950-60 жылдары 15 метрлік көпірден секірген ит өлімдері жиі қайталанып кеткен.
сурет:tainy.info
Дайындаған: Фараби Арыстанбек