- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Форд театрындағы трагедия:...
Форд театрындағы трагедия: Линкольн президентті өлтірген кім?
1865 жылғы 14 сәуірдің таңы Авраам Линкольн үшін Ақ үйдегі жұмыстан басталған-ды. Сол күннің өзі үшін немен аяқталатынын білген де жоқ-ты. Онсыз да, үш жыл бұрын әзер дегенде ажалдан аман қалғаны бар. Жалдамалы қарақшының атқан оғы қалпағын тесіп өтіп, жай ғана қорқытқан болатын. Қайсыбірін айтсын, саннан жаңылған да болар. Бұған дейін қаншама қатерді өткерді. Соның бәрі Америкадағы құлдықты алып тастаудан басталған еді. Қаннен-қаперсіз жүрген плантаттар жауығып шыға келді. (Тегін жұмыс қолынан айырылу кімге ұнай қойсын?!) Өзі де күндердің күні дос еместердің қолына бір түсетініне сенімді болып жүретін. Тіпті, "Вашингтон кроникл" газетінің өзі өлімнен құтылудың жалғыз жолы барын айтқан. Ол - президентті темір қорапқа салып қою. Қауіпсіз болатыны анық, алайда, ел алдындағы міндетті кім орындайды деген сұрақ бар емес пе?!
...Линкольн 2 сағат бойы пошта хаттарын бір қарап шықты да, мәжіліс залына баруды ұйғарды. Онда ол азамат соғысының батыры, генерал У.С.Грантпен жолыққан болатын. Сөз аяғында президент генералдан өзін және Линкольн ханымды Форд театрына жол бастап баруын өтінді. Өйткені, Линкольнға Том Тэйлордың "Біздің американдық жиен қыз" атты комедиясындағы Лаура Киннің ойнағаны ұнайтын-ды. Алайда, Грант бұл ұсыныстан бас тартады. Ол сол күні Нью-Джерсидегі балаларымен көрісетін күні екен. Сол сәтте Грант өзінің қандай өлімнен аман қалғанын білген жоқ-ты.
Президентке оқ ату
Бүгін кеште Линкольнның театрға келетінін театр әртістерінің барлығы дерлік білген. Әсіресе, хабарға аса қатты мән берген Джон Бут болған. Ол осы театрдың ең үздік актері қатарынан саналатын. Және Линкольнды азамат соғысының басталуына бірден-бір себепкер деп, экстремист-оңтүстік деп балағаттап, саясатына мүлде келіспейтіндердің қатарынан болатын. Сондықтан қылмыскерлер бас қосып, әртүрлі жоспарларға иек артып көрген. Бірі президентті ұрлап алып кетіп, драмалық дәрежеде соттауға ерік алуды құптаса, енді бірі, сол арқылы Вице-министр Эндрию Джонстан мен мемлекеттік хатшы Уилям Сьюрардтың жұмыстан кетуін қатты қалаған. Күнбе-күн орындалатын жоспар саналғандықтан, 14 сәуір күні Бут өзінің сыбайластарымен яғни Джордж Ацерот, Сэм Арнольд, Дэвид Херолд және Льюис Пейнмен пансионатта жолыққан болатын. (Сол уақыттарда оның иесі Мэри Саррот болып табылған.)
Қылмыскерлер виски шарабын іше отырып, жоспарды сахнада орындалатын қылып шешкен. Ақыр аяғында, Сэм Арнольд топ мүшелерінен бөлініп, үзілді-кесілді бас тартқан. Ал қалғандары өз міндеттеріне көшкен: Мемлекеттік хатшы Уильям Сьюрардты Пейн мен Хэролд өлтіреді; Ацерот вице-президентті (уәделі күні Ацерот әбден ішіп алып, өз міндетін орындамай қойған); Ал Джон Бут прзиденттің дәл өзін өлтіруі тиіс болатын.
Президент сағат сегіздер шамасында қасына майор Генри Рэтбоун мен зайыбы Клара Харриді ертіп театрға келген. Олар кіргенде, зал толы көрремендер қол шапалақтап қарсы алған-ды. Жайғасып болған соң, кезек көрсетілімге берілген.
9.30-да театр алдына қап-қара шапан киіп, атқа мініп Джон Бутт келген. Ол өз міндетіне сақадай-сай дайын тұғын: белде пышақ, кеудешесінің қалтасында револвер дегендей. Қарауылдың кетер сәтін аңдып жүріп, кетті-ау деген кезде, президент бөлмесіне кіріп барып, "Тирандарға өлім!" деп атып салған. Атылған оқ президенттің көзіне барып тиген.
Сол уақытта өлтірушіні ұстау үшін Майор Рэтбоун кіріп барған. Алайда, Бут пышақпен жаралап, үлкен сахнаға секіріп кеткен. Тізесінің жоғары жағы сынған. Бірақ, аяқ мәселесі оған кедергі бола алмаған. Ерттеулі атқа секіріп мініп, тайып отырған.
Ауыр жарақаттанған президентті көрші үйлердің біріне жеткізген. Жедел жәрдем келгенмен, еш көмек көрсетіле алмаған. Таңертеңгі уақытта бәрі кеш болатын.
Бут атқан сәтте, бірнеше минуттан кейін Льюис Пейн үйіне жасырын кіріп барып, мемлекеттік хатшыға пышақ сілтеген. (Онысы мүлт кеткен). Ал вице-президентті өлтіруге тиіс Ацерот қорқақтап, қатты ішіп алған көрінеді. Кешке дейін кабакта отыра берген.
Қылмыс пен жаза
Театрдан бірнеше миль жерде Бут пен Хэролд жолыққан. Олар Мэриленд штатына қарай бет алып, сол жақтан тілектестер іздеген. Жақсы таныс дәрігерлердің бірі сынған аяқты таңып берген. Олар қайта жол жалғастырған. 11 күн қашып отырып, Вирджиния штатынан бір-ақ ұсталған. Онда да әскерлер ғимаратты қоршап алған. Қылмыскерлер шықпай қойған. Фирманы өртеген. Хэролд амалсыз шығуға мәжбүр болған. Ал Бут болса өзін-өзі атып өлтірген.
Қалған жазалылар сотқа берліген. Оларды бірден өлім жазасына кескен. Тек өлтіруге қатысы болмаса да, Арнольд өмірлік каторгіге айдалған. Бутты емдеген хирург Сэмюэл Мад бірнеше жылға жазаға кесілген. Сахна сценарисі Эдвард Спенглер болса, қылмысқа атсалысқаны үшін 6 жыл жазаға тартылған.
Ертелі-кеш АҚШ президентінің өлімі туралы неше бір аңыздар мен әңгімелер тарай бастады. Біреулер өлімді күні бұрын мемлекеттік хатшы Эдвин Стэнтон ойластырған десе, енді біреулер тіпті алыстан іздегенді жөн санады. Алайда, еш бірі де ұғымға сыймайтын еді. Себебі, дәлел жоқтың қасы болатын. Тек бір ғана шындық, бұл өлім - өз еркімен қылмысқа барғандардың істеген ісі болып қала береді...
Сурет: s634.photobucket.com
Ж. FM