Бүгін Стокгольмдегі швед корольдік академиясы физикадан Нобель сыйлығының биылғы жылғы жеңімпазын жариялады. Сонымен алтын медаль мен 1,4 миллион доллар ақшалай сыйақы бозон затының бар екендігін дәлелдеп шыққан британдық Питер Хиггс пен бельгиялық Франсуа Энглерге бұйырды.
Осыған дейін бүгінгі күннің жеңімпаздарына бәс қабылдаған букмекерлік кеңселер де осы аталған ғалымдардың топ жаратынына сенімділік білдірген болатын. Осылайша болжам текке кетпеді.
Бозондардың бар екендігін Хиггс 2012 жылы Үлкен адронды коллайдерде жасаған жұмысы кезінде дәлелдеп шыққан еді.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығы Серж Арош (Франция) және Дэвид Уайнлэндке (АҚШ) бұйырған еді. Бұл мамандар кванттық физика саласында жеке бөлшектердің жағдайын оларды бұзбай-ақ өлшеуге болатындығын ашқандығы себепті жеңімпаз деп танылды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: reuters