- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Филолог қалай журналист...
Филолог қалай журналист болды?
Ақ пен қара түс секілді бір атауға бағынып екі түрлі рөл атқаратын қос бірдей мамандықтың жан дүниесі руханият деп өмір сүреді. Бірақ қазіргі қоғамда аталған екі саланың деңгейі әртүрлі. Тіпті бір сала бір саланың орнын басып, қызметін жасап жүр. Ең қызығы филолог журналист бола алады да журналист филолог бола алмайды...
Жоғары оқу орындарында «Филология» және «Журналистика» деген екі бөлек мамандықтар бар. Кейбір университеттерде бірігіп кеткені болмаса, екеуі бастары қосылмайтын екі бөлек сала.
Филолог – тіл маманы. Ол таза фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан сөздің, әрбір әріп пен дыбыстың құрамын зерттейді. Ал журналист – баспа беттерінде жазу, түрлі сұхбат алумен қатар камера алдында сөйлеу шеберлігімен ерекшеленеді.
Екі саланың да өз алдына ауыртпалығы мен жауапкершілігі бар. Бірақ мойындайтын бір дүние бар, ол филологтар, яғни тіл мамандары теориялық сауаттылықтары мен жазу қабілеттері арқылы журналистердің жұмысын маман ретінде атқара алады. Ал дәл осы жағдай керісінше болу үшін журналистер жоғары оқу орнында төрт жыл тіл білімін меңгеру керек.
Филолог болу әмбебеп саланың маманы болу деген сөз. Оған дәлел БАҚ беттерінде жазатындар, камера алдында сөйлейтіндер, газет-журналдар, сайттарда қызмет жасай алатындар солар.
Түйіндей келген кезде егер қос саланың маманы боламын десеңіз, филология мамандығын таңдаңыз. Журналистиканың жолына түсу ол кезде қиын болмайды. Дегенмен ол саланың да игеретін жерлері бар. Тек талаптанып жіберсеңіз болды.
Екі саланы бөліп-жарып, екі жақта ой айтатын қоғамда тап көп. Бірақ екі ілімнің де ілмегі мен салдары бар. Сондықтан бір жақты емес, екі жақты пікірде болған жөн.
М. Ақан