Шымкенттің белсенді жастары естуден қалған (бұның қатарында нашар еститіндер) жандарға арналған сайттың тұсауын кесті. Аталған сайт Орталық Азияның тарихындағы бірінші бастама.
Uslishmir.kz сайты құлағы естуден қалған жарымжандарға өз кезегінде көмектеседі. Соның арқасында шектеулі мүмкіндіктермен жүрген адамдар Қазақстандағы өздеріне арналған оқу бөлімдерінің қайда орналасқанын және жұмысқа тұруға, қай дәріханаларда есту аппараттарының арзан бағамен сатылатынын біліп отырады.
Жобаның басы-қасында жүрген Наталия Канның ойынша, сайт жарымжандарға ғана көмектесіп қоймайды. "Еститіндерге, бізге жақсы болар еді, естуден қалған жарымжан адамдардың жанына үңіліп, соларға көмектесу жолында тың бастамаларға баратын боламыз. Қазіргі таңда Новосибирск Мемлекеттік университеті ишарат тілінің сөздігін ойлап тауыпты. Сол сөздіктерді алдағы күндерде тегін беруге келісім беріп отыр"-деп Кан өз жоспарларын алға жайды.
Енді сол сөздіктің қазақша нұсқасы жасалуда.
Сурет: tengrinews.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбеков