- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Есте қалған "ерекше"...
Есте қалған "ерекше" патшалар
Византия империясының қалай пайда болғанын білесіз бе? Рим империясы өз атауынан шаршап ("Рим" деген атаудың өзі де...), кезекті ребрендингтен соң алтыншы боп таққа отырған II Юстин императордың тұсында пайда болған. Ол уақыттың да келмеске кеткені анық. Алайда, сол уақыттан қалған дереккөздерге сенсек, онда дәл сол тұста императорлық таққа кез келген адам отыра алғанын байқаймыз. Және біз айтқалы отырған II Юстин патшаның өзі де психиаторлық емхананың толыққанды емделушісі болғанға ұқсайды.
Тарихи кітаптарда Юстин патшаны жақсы жағынан көрсете қоймаған. Италияның жарты аумағын персиялықтарға беріп қойған патшаны римдіктер иттің етінен жек көріп, елдің қайратын кемітіп отыр деп, өздеріне шекерасы кеміген мемлекетті ар-намыс санаған. Соған қарамастан ежелгі дүниелерді зерттеуші ғалым Иоанн Эфесский патшаны қорғамаса да, жеке өміріне қатысты керемет деректердің сақталғанын алға тартады. Мәселен, Юстин патша басында жүрген сансыз қорқынышты дауыстардан қашып, төсек астына кіріп жатып алатын болған. Мұның жалғыз емі есепті, сарай қызметкерлері органдармен (музыкалық аспап) бүкіл сарайды бастарына көтеріп, даңғаза-шулы әуенге бөлеген.
Сол уақыттарда психикалық аурулардың алдын алатын тәжірибелі әдістердің бір емес, көптеген түрлері болғаны белгілі. Бірақ, Юстин патшаның сарай қызметкерлеріне бағынбағаны соншалықты, дәріні ішпеу өз алдына, қызметкерлердің құлақ-шекесінен тістеуді әдетке айналдырған. Содан не керек, әбден мезі болған патшалықтағы адамдар жынды императорға арнап арнайы жүріп-тұратын тақ жасатады. Кішкене болса да тынышталып қалған сарай адамдары таңнан кешке дейін патшаның көңілін көтереміз деп әлекке түскен. Қауіп-қатер мен зұлымдық жасауды ұмытқан Юстин балаша мәз болып, бүкіл сарай әмірлігін тақ үстінде кезіп жүрген деседі.
Мұндай патшаны бір сәт болса да көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Психикалық ауытқуы бар адам сізге кез келген уақытта қауіп тудырады. Одан қалды терең зынданға қамап тастауы да ғажап емес. Одан қалса патша болып тұрған адамнан қалай құтыларсыз. Ең жаманы сол, бір деректерде бұл патша екі сарай қызметшісін жеп қойды деген де алып-қашпа әңгімелер ұшырасады.
Адамзат тарихында шамалы ауытқуылары бар патшалардың аз болмағаны анық. Оған дәлел ретінде өзін шыныдан жасалған қасқыр санаған VI Карлды (Францияның патшасы), оған дәлел ретінде сұхбаттасып отырған адамының жағынан шапалақпен тартып жіберетін немесе сөйлесіп отырған адамына сүйек лақтыра салатын Дат патшасы VII Кристианды және дүкен иесінің рөлін сомдағанды жақсы көрген, тіпті, өз патшалығында бүкіл адамдардың рөлін сомдап шыққан (бөлмесіне кішкентай қала тұрғызып, сонда әртүрлі адамдардың рөлінде өнер көрсеткен), ақырында балық аулап жүріп оқыстан суға батып, қаза болған Қытай патшасы Чжэндэні айтуға болады.
сурет:.liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига