- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ерлер білуі керек...
Ерлер білуі керек этикет
Қоғамды таныған сайын, адам білімді болғысы келеді. Ал адам білімінің бастауы - этика. Этикет бізге қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Және тәрбиелейді.
1. Әйел заты сүрініп немесе құлап бара жатса, шынтақтан ұстау керек. Бірақ, жай кездерде ер адамды қолынан ұстау керек-керек еместігін әйел шешеді.
2. Көшеде кетіп бара жатқан ер адам әйел затының сол жағынан өтуге тиіс. Оң жақтан тек әскерилер ғана өте алады. Олар да өз кезегінде ыстық әскери сәлемімен.
3. Отырыста ер адам әйел баласының рұқсатынсыз шылым шегуге тиісті емес.
4. Шығар есікке беттегенде немесе кіріп бара жатқанда, ер адам өзінен бұрын әйелге жол беріп, артынан жүруге тиіс.
5. Баспалдақпен түсіп, әлде жоғары көтеріліп бара жатып, ер адам өзінің жарына сақтық етеді. Бір-екі қадам алдынан немесе бір-екі қадам артынан жүріп отырады.
6. Лифтіге бірінші ер адам кіреді, ал шыға берісте, әйел затына жол береді.
7. Көліктен бірінші болып ер адам түседі. Ол көлікті айналып барып, сүйіктісі отырған есікті ашып, шығуына көмек етеді. Ер адам көлікті өзі жүргізетін жағдайда, сүйіктісін шынтақтап барып, алдыңғы есікті өзі ашып, отырғызады. Егер екеуі де жолаушы болып мінетін болса, ең бірінші көлікке әйел баласы жайғасады. Іле артынан ер адам отырады.
8. Ғимаратқа, үйге кіріп бара жатып, ер адам әйел баласының үстіңгі киімін шешуге көмектеседі. Шығып бара жатқанда, киіндіріуге ат салысады.
9. Қоғамдық орындарда әйел заты тұрып тұрған жағдайда, ер адам отыруға тиісті емес. (Қоғамдық көліктерге де қатысты).
10. Әдеп бойынша, ер адам кездесуге кешікпеуі тиіс. Керісінше, бір-екі минут бұрын ерте барып, әйел баласын жайғастыруға құқылы. Әйтпесе, ер адам кешігіп келіп жатса, әйел заты ыңғайсыз жағдайда қалуы мүмкін. Ал ер адамның белгілі себептері болып жатса, кешірім сұрап, ақталуға тиісті.
11. Кез келген әйел заты ауыр зат пен тұрмысқа керекті дүниелерді көтеріп бара жатса, кез келген ер адам көмек қолын созуға міндетті. Оның қатарына жеңіл шуба, манто, сөмке, т.б. кірмейді.
12. Қоғамдық ортада өз әйелі туралы әңгіме өрбітпеуге тиісті.
13. Әңгіме кезінде ер адам қолын қалтасына, төсіне қойып тұрмауы керек. Және қолында әр түрлі бұйым мен заттарды айналдырмау қажет. Сыйламағандықтың белгісі болып табылады.
14. Кафеге немесе кішігірім мейрамханаға бірінші ер адам кіреді. Себебі, ол өздерінің кім болып табылатындарын, қай үстелге тапсырыс бергендерін, кімнің төлейтіні туралы әңгіме қылады; үлкен ортаға тойлап келгенде, шақырған адам өзі төлейді.
Сурет: loveyou.nsknet.ru
Л. Лига