- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ержан Тәтішев қорының...
Ержан Тәтішев қорының 2012 жылғы білім гранттары
1967 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген, Қазақстанның танымал финансисті, банкирі Тәтішев Ержан Нұрелдаемұлы атындағы қордың бастауымен бакалавриат дәрежесі бойынша білім гранттары ұсынылады.
Конкурсқа қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавриат дәрежесін алғысы келетін мектеп және колледж түлектеріне, сондай-ақ мүгедек жастарға да қатысу мүмкіндігі беріледі.
Конкурс барысында жоғары мотивациялы, әлеуметтік белсенді, академиялық үлгерімі жоғары дарынды жастарға гранттар тағайындалады.
Конкурсқа Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғыстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Тәжікістан азаматтары да қатыса алады.
Грант тағайындалатын отандық ЖОО-лар тізімі:
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (KIMEP)
Халықаралық бизнес университеті (UIB)
Халықаралық бизнес академиясы (IAB)
Байқауға қатысу сұранымдары 2012 жылдың 31 наурыз, сағат 17:00 дейін (Алматы уақытымен) қабылданады.
Толық ақпаратты мына жерден біле аласыздар.
Форумда талқылау
Сурет entquick.kz, voxpopuli.kz сайттарынан алынған
Ж. FM