- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ер күлкісінің күш-қуаты...
Ер күлкісінің күш-қуаты
Ерлер күлген сәтте әйел баласына абай болу қажет. Жақында Гранада университетінің бір топ ғалымдары күлкінің әйел баласының басын айналдыруда және міндеттерді орындатуда үлкен ықпалы бар екенін анықтай алды. Бұл турасында Daily Mail ақпар таратып отыр.
Арнайы зерттеу жасап көрген мамандар шын қызықтың куәсі болған. Олар зерттеу барысында ерлердің күлкісіне әйел баласының қаншалықты ерікті болатынын және айтқандарын орындауға бейім тұратынын анықтап білген.
Мамандар әйел баласының бұл қылығын адамның адамгершілігі мен күлкі сыйлайтын жылудың әсерінен депті. Тіпті, бір зерттеулерде сөзден гөрі күлкінің әлдеқайда маңызға ие бола алар қасиеті бары анықталған.
Ғалымдардың айтқаны дұрыс-ақ! Алайда, күлкінің ең бірінші кезекте әйел баласының қаруы екенін ұмытпаған жөн шығар. Әйел күлкісін зерттейтін Жапонияда үлкен орталықтар бар. Одан қала берді, "Күншығыс елінде" қыз балаларды дұрыс күлуге үйрететін арнайы мектептер жұмыс жасайтын болып шықты. Одан қала берді...
Ескерте кететіні, адам күлкісінің бәрі бірдей шынайы әрі табиғи болып саналмайды. Күліп тұрып алдап, біліп тұрып бүлдіретін жандардың өз ортамыздан да табылатыны анық. Сондықтан күлген жанның бір мысқылы ішінде жататынын біліп жүрейік.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига