Ер бақыты 37 жастан басталады дейді...

Ер бақыты 37 жастан басталады дейді...

Ер адамның бақытты өмірі 37 жастан басталады деу қаншалықты шындыққа жанасады? Ендеше, осы сұрақ төңірегінде толғанып көрсек.

Кез келген ер жігіт той-томалақтың, шытырман оқиғалардың ортасында жүруді, сатып алған әдемі көлікпен серуендеуді бастапқыда бақыт деп ойлайды. Солай жүрсем, бақытты болам деп санайды. Алайда,  уақыт өте келе алдамшы екенін іштері сезе бастайды.

Ғалымдар ер адамның бақыты 37 жастан деп айтса, негіз бар болғаны. Біріншіден, мансап жолында дегендеріне жетеді. Яғни дүние-мүлік тұрғысынан туындайтын сұрақтардың біршамасын шешіп тастайды. Екіншіден, отбасында тұрақтылық орын алады. Бұрынғыдай отбасындағы мазасыздықтар, келеңсіздіктердің бәрі жойылып, салауатты өмір салты жолға қойылады. Үшіншіден,  кемелдік тұрғысынан ақыл-ойлары толысып, өмірлерін бір қалыпты арнаға қояды. Ең бастысы, достардың іріктеліп, сұрыпталған ортасы ғана қалады. Солармен бас қосып, көтеріңкі көңіл-күйде жүру ер адамға бақыт сыйламай ма?!

Қыстыра кетсек, орта жастағы дағдарыстың 37-ге еш қатысы жоқ. Статистикалық негіз бойынша, ол аралық 45-47 жаста орын алады.

Ер адамдардың 43 пайызы бақыт деп тұңғыш баланың дүниеге келуін айтса, 35 пайызы отбасын құру деп ойлайды екен. Ал қалған 18 пайызды ел біріншілігінде жүлдеге қол жеткізген жақтас командасы иеленген. Және мамандардың ойынша, осы аралықта стресс алып келетін қиындықтар мен өтпелі кезеңдер артта қалу себепті ер адамдар бақытты өмірді сезінеді дейді. Сондықтан да, көптеген еркектер өздерін 37 жаста бақыттымын деп санайтын болып шықты. 

сурет:fon2fun.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига