English lessons: деңгейіңізге қарай сериал таңдаңыз

English lessons: деңгейіңізге қарай сериал таңдаңыз
Фото: tjournal.ru/

Ағылшын тілін үйреніп жүргендер үшін сериал мен фильмдердің атқаратын рөлі зор. Бірақ, өз деңгейіне лайықты фильм іздеп табамын дегенше, уақыт та өтіп кетеді, адамның ынтасы да басылады. Бүгін біз әртүрлі деңгейге арналған сериалдарды ұсынатын боламыз.

Beginner, Elementary
Ағылшындық "Extrа" сериалы арнайы шет тілін үйреніп жүргендер үшін түсірілген. Барлық оқиға төрт достың айналасында өрбиді: ұялшақ Энни, спортсмен Бриджет, көңілді Ника пен Аргентинадан келген Гектор. Гектор ағылшыншы сөйлей алмайды, сондықтан ылғи ыңғайсыз жағдайларға тап болады. 

Егер кейіпкерлердің барлық сөзін қайталап отырсаңыз, тек дыбысталуын ғана ұғып қоймай, шақтарды, көпті жақ, негізгі лексиканы жаттап аласыз. Әрине, сериал барысында субтитрдің көмегіне сүйенуді ұмытпаңыз.

Pre-Intermediate: ситкомдар
Ағылшын деңгейіңіз pre-intermediate болса, онда сериал таңдау аса қиындық тудыра қоймайды. Көбіне мұғалімдер әдеттегі классика "Альфа" немесе "Дживс пен Вустер" сериалдарын ұсынады. Ситкомды жақсы көретіндер үшін бұл сериалдарды түпнұсқада қарауға кеңес береміз. 

Егер сізге фэнтези әрі әскери фильмдер ұнаса, онла ағылшын тілінде "Зена: жауынгерлер патшайымын" қарап көріңіз. Өйткені, сериалдың лексикасы өте жеңіл, тез ұғуға болады. Зенаның сөзінен өмірлік сабақ алуға болады: "Donʼt run, sometimes you have to stand and fight" — "Қашпа, кейде қарсы тұрып күресуге тура келеді". 

Intermediate
Орта деңгейге жеткен соң "Қоқыс" (Отбросы) сериалын қарауға кеңес береміз. Сериал қоғамдық жұмыс істеу жазасына ие болып, кенеттен ерекше қабілетке ие болғандар жөнінде. Сериалдың түпнұсқасы — "Misfits" деп аталады. To fit етістігі "сәйкес келу" дегенді білдіреді. Ал, mis-сөз алды қосымшасы қателік дегенді білдіреді. Мысалы, misunderstanding — "түсініспеушілік". Misfits — қоғаммен қатар өмір сүре алмайтын, қоқыс дегенді білдіреді. 

Одан бөлек, бұл деңгейді меңгергендер үшін "Lost" сериалын ұсынамыз. Бұл сериал XXI ғасырдың үздік сериалдарының біріне жатады. Егер сөздік қорыңыз түгелдей түсінуге жеткіліксіз болса, уайымдамаңыз. Өйткені, сериалдағы әр әрекет сөзсіз ұғуға мүмкіндік береді. 

Upper Intermediate: медицина тақырыбындағы сериал мен IT-комедия
Егер ағылшын тілінде көп нәрсені еш қиындықсыз түсінетін болсаңыз, онда келесі кезеңге өтетін сәт келді. Мысалы, "Хаус Дәрігер" сериалы мысқыл мен әзілді түсінетін және медицина тақырыбын жақсы көретіндер үшін таптырмас сериал.
Ал, The IT crowd ("IT мамандары") сериалы үлкен холдингтегі IT-бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлердің басынан кешкендерін сипаттайды. Сериал арқылы ағылшын бағдарламашыларының терминдерімен танысып, идиомаларды меңгере аласыз.  

Advanced: адамзаттың өткені мен болашағы туралы сериалдар
Бұл деңгейді меңгерген адам кез келген тақырыпта еркін сөйлесе алады. "Қара айна" (черное зеркало) сериалынан соң, сіз еш қиындықсыз әлі шығып үлгермеген технологияларды талқылай аласыз. Сериалда күнделікті өмірде қолдануға болатын тіркестер де бар:  "I’m sorry you found my normal behavior to be highly inappropriate" / "Менің бұл күнделікті болмысым, ақылға қонымсыз деп ойлағаныңыз қандай өкінішті".

Сонымен қатар, "Жабайы Батыс әлемі" (Мир Дикого Запада) сериалы да тіл үйренуге өз септігін тигізеді. Сериал сюжеті Америкадағы Азаматтық соғы уақытындағы Батыс бейнесінде жасалған бақ пен арнайы роботтар туралы. Бұл жерде түрлі уақытқа сәйкес келетін лексика қолданылады.

Т. Есқали