- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ең соңғы алып...
Ең соңғы алып тасбақа көз жұмды
Кеше Галапагос ұлттық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, әлемдегі ең соңғы галапагостық алып тасбақа қайтыс болған. 100 жастағы атақты тасбақаның есімі Жалғыз Джордж болатын.
"Қимылдан қалған Жалғыз Джорджды біздің бір қызметкер тауып алған"- деп парк басшысы Эдвин Наула хабарлады. - Оның өмір сүру кезеңі соңына жетіпті".
Негізі галапогостық тасбақалар 200 жылға жуық өмір сүре алады. Сондықтан қазіргі таңда осы тасбақаның өлуінің себебін анықтау күн тәртібіне қойылып отыр.
Айта кетсек, Жалғыз Джордж 1972 жылы Пинта галапагостық аралдарының бірінен табылған болатын. Содан бері 20 жылға жуық уақыт аралығында зерттеушілердің Джорджан ұрпақ алып қалу жолындағы қадамдары сәтсіз болып келген еді. Әрине, уақытында өзіне сай Geochelone abingdoni түріне жататын 100 жастағы тасбақа да табылған. Соған қарамастан әр жолғы ұрпақ алып қалу жолындағы бастамалар сәтсіз аяқталатын.
Жалғыз жанды Джордж Галапагос ұлттық паркінің нышан-айғағына айналғалы қашан. Джорджбен танысу үшін Голливудтың жұлдыздары саналатын Брэд Питт пен Анджелина Джоли және ағылшын ханзадасы Чарльз, әлем саясаткерлері арнайы келіп-кетіп тұрған екен.
Сурет: wild-russia.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига