- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ең басты игілік...
Ең басты игілік – сапалы білім алу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология және әлем тілдер факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында доцент С.Сейденова, доцент Л.Мұсалы, аға оқытушы Ә.Әзімбаевалардың ұйымдастыруымен «Ең басты игілік – білім алу» атты дөңгелек үстел өтті.
Сапалы білім беру аталған университеттің ең басты мақсаттарының бірі болып саналады. «Аударма ісі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттері мен магистранттары аталған іс-шараға мұқият дайындықпен келді және саналы білімнің технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер тасасында қалуы мүмкін еместігін мойындады. Қазақстанда жаңғырту бағдарламасы ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан бастау алады. Жаңа технологиялық үрдістер білім саласында да түбегейлі өзгерістерге әкелетіні анық.
Киплингтің сөзімен айтқанда, арнайы алынған дөңгелек үстелдің атауы: «Білім жоғары деңгейде сапалы болса, бұл жер бетіндегі қажеттіліктердің ең бастысы. Әйтпесе, ол мүлдем пайдасыз». Шын мәнінде, білім сапасы адам өмірі мен қоғамның сапасын арттырады, ол тек іскерліктер мен дағдылардың сапасына әсер етпей, сондай-ақ жас ұрпақтың, жеке идеологиялық және азаматтық даму және әлемде оның эмоционалдық және құндылық бағдар сапасымен анықталады. Мұның бәрі бүгінгі күннің жаһандық өзгерістеріне және сынақтарына дайын болу қажеттілігімен туындайды.
Болашақ маман иелері - шетел филологтары мен аудармашылар - кәсіби деңгейлерін арттыруға ұмтылады, себебі қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру. Университет тәлім алушыларының айтуы бойынша, ең басты игілік - білім алу, яғни сапалы білім алу болып табылады. Рухани жаңғырудың мақсаты мен маңызы да тап осында.
Сейденова Сәуле,
филол.ғыл.кандидаты,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті