Атыңызды, яғни есіміңізді, яғни ныспыңызды ауыстырғыңыз келсе, бос уақытыңыз бен 4 мың теңге көлемінде ақшаңыз болсын.
Соңғы уақытта ныспы өзгертушілер жеке куәліктерін алып, жергілікті басқару орындарына көптеп келеді екен. Ең бірінші кезектегілерге өз аты-жөнінің дыбысталуы ұнамаса, ал екінші кезекте «-ов, -ова» және «-ев, -ева» қосымшаларын алып тастауды жөн санағандар екен.
Негізінде азаматтарды тіркейтін жеке орындарда бұл қызметтің пайда болғанына 12 жыл болса да, ат ауыстыру ісіне қызығушылар енді ғана шығып жатыр. Неке және отбасы заңында ат ауыстыру ісіне арнайы тарау бар. Мұнда егер жұп үйленсе, әйел адам өз тегін ауыстыра алады, оған біршама жеңілдіктер де қарастырылған болып шықты. Егер ұлттық дәстүрде ат ауыстыру салты болса және оны сіз дәлелдей алсаңыз ғана жүзеге асыра аласыз. Дәлелдеу үшін Мәдениет орталығынан арнайы растау қағазын алу керек. Заңнамаға сәйкес, өз атын тек 16 жастан асқан адамдарға ғана ауыстыру рұқсат етілген. Ал егер 16 жасқа жете қоймаған жасөспірімдердің ныспысын өзгерту керек болса, баланың екі бірдей ата-анасы растауы керек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: bf.kz