Наурыз айында «Ел тұлғасы» халықтық дауыс еліміздің экономикасын, ғылымын, мәдениетін, өнерін және спортын дамытуда ерең еңбегі сіңген тұлғаларды жариялайтын болады.
6 апта ішінде смс және интернет арқылы 5708 дауыс жиналды. Әр номинация көшбасшысы өзінің өткен аптадағы орынын ұстап қалды.
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 1502 дауыспен көш бастап келеді. «Спорт» номинацисында Серік Сапиев апта ішінде 11-орыннан 2-орынға табан тіреп, Илья Ильинді бір табан артта қалдырды. Толығырақ
Дауыс беру Әлеуметтік желі (вКонтакте, Facebook, Одноклассники және МойМир), электронды почта және смс арқылы қабылданады. Бұл аптада дауыс беру үдерісі көбіне интернет арқылы жүргізілген (барлық дауыстың 68% интернет арқылы және 32% смс арқылы болды).
Халық «Қоғамдық қызмет» (барлық дауыстың 34%) және «Ғылым» (барлық дауыстың 28%) номинаттарына көп дауыс берді. Ал «Мәдениет және өнерге» 15%, «Спортқа» 14%, «Бизнеске» 9% дауыс берілген.
Жоба ұйымдастырушылары:
Exclusive журналы, Stosorok.kz қызметі, KCell операторы.
Ақпараттық әріптестері:
«Панорама», «Наша жизнь» газеттері, Massaget.кз, Nur.kz, Gazeta.kz, Quorum.kz порталдары және «Центр тяжести» конференциялары мен Total.kz сайты.
Толық ақпаратты 20let.kz сайтынан білуге болады.