- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Экономика саласы бойынша...
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалымдарға бұйырды
Экономика саласы бойынша биылғы 2012 жылдың Нобель сыйлығы америкалық Гарвард университетінен Элвин Рот пен Калифорния университетінен Ллойд Стауэллге бұйырды.
Олар әлеуметтік жүйені дұрыстауға арналған ойын теориясын ұсынады. Мысалы, аталған ғалымдар жасаған алгоритм арқылы жоғары сынып оқушылары болашақта өздері түсетін оқу орнын таңдауына болады.
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы 1969 жылдан бері табысталып келеді. Осы уақыттан бері жүлдені әйелдер арасында тек 2009 жылы "экономикалық интеграция саласындағы зерттеулері үшін" Элинор Остром жеңіп алды. Осы сала бойынша сыйлық көбіне АҚШ-қа кетіп жатады.
Өткен жылы сыйлық америкалық экономист-ғалымдар Томас Сарджент пен Кристофер Симске берілген еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ru.wikipedia.org
Б. Қосмағамбет