- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Экономика бойынша Нобель...
Экономика бойынша Нобель сыйлығы үшке бөлінді
2013 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, биыл экономика саласы бойынша сыйлық үш лауреатқа тиеселі болды.
Атаулы сыйлық иегерлері үш американдық экономистер Юджин Фама (Eugene F. Fama), Ларс Питер Хансен (Lars Peter Hansen) мен Роберт Шиллер (Robert James Shiller) болды. Ғалымдарды "активтер құнының эмпирикалық зерттеуі" үшін марапаттады.
Үш экономист ғалым қаржы нарығындағы болжамдар жасауда үлкен еңбек атқарған екен. Олар бұрыннан бері акциялар мен облигациялардың динамикасын зерттеп, оны ұзақ жылдарға болжауға болатындығын дәлелдеген. Сонымен қатар бірнеше күндік болжамдардың қажетсіздігін көрсетті.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 10 желтоқсан күні Стокгольм мен Ослода өтеді. Айта кетейік, биыл 2013 жылғы Нобель сыйлығының жеңімпаздарына берілетін жүлде қоры 8 миллион швед кронасын құрап отыр (1,2 миллион АҚШ доллары).
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: nobelprize.org
С. А