Дыбыстың таң қалдырарлық қасиеттері

Дыбыс толқындары ғажап нәрселерді жасай алады. Сондықтан болар, бүгінде ол ғылымда да, өнерде де, медцинада да кеңінен қолданылып келеді. Осы топтамада сіз дыбыс қолданылатын 10 саланы білетін боласыз.

Дыбысты жою


«Орфилд Лэбс» компаниясы Миннеаполисте әлемдегі ең тыныш бөлмені тұрғызды. Оны төмен дыбыстарды тестілеу үшін қолданады. Қабырғалар толығымен дыбыс жұтады, бөлме ішіндегі дыбыс деңгейі  бар болғаны 9 децибел – тыныш болғандығы соншалық, сіз ішкі ограндарыңыздың жұмысын ести аласыз. Осындай сенсорлы депривация барлық сезім мүшелерін шиеленістіріп, адам денесі мен миында бір түрлі сезімдердің пайда болуына әкеледі.  Егер адам осы бөлмеде ұзақ уақыт болса, шизофрения секілді ауруларға шалдығуы мүмкін. Аталған бөлмеде адам максимум 45 минут тұрақтай алады себебі, осыдан соң галлюцинациялар басталады.

Дыбыстан жасырыну


Орманда түрлі уақытта (мәселен, күндіз және түнде) дыбыста азғантай болса да өзгерістің бар екенін байқадыңыз ба? Егер күндіз барлық шу біріккендей болса, түн ортасында әрбір сыбдыр оқтың даусындай болып естіледі.

Бұл құбылыс тәуліктік цикл кезінде температураның тұрақсыздануына байланысты дыбыс толқындары өздерінің бағытын өзгерткен кезде пайда болады. Күні бойы олар ауа температурасы төмен жер – жоғарыға кетеді және көбіне басыңыздың үстінде таралады. Бұл, өз кезегінде «акустикалық көлеңке» аймағының пайда болуына әкеледі.

Осындай эффектті теңізшілер белсенді түрде қолданады – дыбыс тұрақсыздануынан жасырыну үшін, олар акустикалық көлеңкеде жаудың сонарларынан тығылады.

Дыбыспен қарулану


Адамдар кез келген нәрсені қаруға айналдыруға қабілетті және «The Long Range Acoustic Device» дәл осындай мақсаттарға пайдаланылатын құрылғы болып табылады. Ондаған метр қашықтықтан дауыс қаттылығы 150 децибел болатын сәулемен ата алатын ол көлеңкеленген прожектор тәрізді. Дыбыс қаруының көмегімен бүлік және тәртіпсіздіктің алдын алуға болады: құрылғы қатты ауыруға алып келе алад және денсаулыққа айтарлықтай зарарын тигізуі мүмкін. Дыбыс зеңбіректері бүгінде еуропалық кемелерде сомалилік пираттарды қорқыту үшін қолданылады.

Дыбыс өнер ретінде

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/GtiSCBXbHAg?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});

Дыбыс толқындарын көзге көрінетіндей етуге де болады. Мұндай құбылысты ғылымда «киматика» деп атайды. Мәселен, егер сіз  құм толтырылған шыныға дыбыстың тигізген әсерін көрген болсаңыз, құмның қозғалып, түрлі фигуралардың пайда болғанын байқар едіңіз. Осыны ең бірінші болып байқаған 1632 жылы Галилей болды.

Дыбыс-адам өлтіргіш


Теориялық тұрғыдан алғанда, адамды дыбыс қысымымен өлтіруге болады.  Әдетте қатты жарылыстан соң келетін нәрсе асқын қысым деп аталады. Бұл атмосфералық қысымның едәуір көтерілуі. Кейбір жарылыстардың дыбысы қатты болғанымен, оларды ести алмайсың, себебі құлақ жарғағы 160 децибел көрсеткішінде ғана жарылып кетеді. Ал 200 децибел өкпені жыртып тастауға және ағзалардың зақымдалуына әбден жетеді.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде мұндай өлім көптеген жауапсыз сұрақтардың туындауына себепші болған еді: адам денесінде ешқандай жарақаттың болмауына байланысты, жауынгерлердің қалай қаза тапқанын ешкім түсіне алмаған. Сондықтан, фильмдерде жарылыс салдарынан ұшып кеткен басты кейіпкердің түк болмағандай, тұрып, өз ісімен айналысып жүре беретін көрінісі – режисердің барып тұрған қиялы ғана.  Шын өмірде ол бірден мерт болар еді.

Дыбыс  қылмыспен күресуге көмектеседі


АҚШ-тың кейбірі қалаларының бизнесмендері мен билік өкілдері ақылдаса келіп, қылмыс деңгейі өте жоғары аудандардың метросында клссикалық музыканы қоюды жөн көріпті. Сөйтсе, классикалық музыка арқылы агрессивті жас өспірімдер мен бұзақыларды қоғамдық орындардан қуып жіберуге болады екен. Классика жанрының дыбыстары оларға жағымсыз болып көрінгендіктен әрі қолайсыздық тудырғандықтан, олар тыныштау жер табу мақсатында, кетуге мәжбүр болады-мыс.

Айта кетсек, Лондон қаласында 2003 жылдан бастап бір жарым жыл бойы метрода классикалық музыка қойылып тұрды. Сол уақыт ішінде вандализм мен ұрлық әрекеттері үш есе төмендеген екен.

Дыбысты лазерге айналдыру


Лазер жарықтың өте жіңішке сәулесін шығарады. Ол дыбыс толқындарына қарағанда тіпті вакуумде де ауыса алады. Мұндай әдісті қолдану бір көзбен қарағанда тиімсіз болып көріну мүмкін. Дей тұрғанмен, 2010 жылы жапон ғалымдары дыбыс сәулесін тарата алатын дыбыс құрылғысын жасап шықты. «Фазер» деп аталатын құрылғының жиілігі 170 килогерцті құраған. Ал бұл, өз кезегінде, адам түйсігінен 8 есе күшті екен. Бүгінде аталған лазер медицина саласында қолданылып жүр.

Дыбыс емдейді


«HIFU Transducer» құрылғысы акустикалық энергияны бір жерге шоғырландырып, өте көп мөлшерде жылу шығарады. Осынау құбылысты күн сәулесін өткізетін үлкейткіш тереземен салыстыруға келеді. Вашингтон университетінің хирургия профессорының айтуынша, осы құрылғының көмегімен ультрадыбыспен жасауға болатын нәрселердің бәрін істеуге болады. Мысалы, аталған құрылғы доңыздың тесік өкпесін бар болғаны екі минут ішінде қалпына келтіруге  алады. Бұл хирургия саласындағы үлкен жетістік.

Дыбыстың археологияда қолданылуы


Ғылымның ең қызықты салаларының бірі археоакустика – дыбысты археологияда қолдану болып есептеледі. Мысалы, үйіңіздегі әрбір бөлме өзінше дыбысталады. Бұл бөлмедегі жиһардарға, заттарға тікелей байланысты. Ұлыбританияда орналасқан Салфолд университетінің ғалымдары қызығушылық танытып, атақты Стоунхэндж қандай дыбыс шығаратынын білуге бел буыпты. Стоунхэнджден шағылған дыбыс толқындарын жазып алып, сосын компьютерлік нұсқасын құрып болғаннан соң, зерттеушілер тас мүсіндердің лекция залына ұқсас екенін анықтады.

Дыбыс компас ретінде


Жалпы, құстар кеңістікте дыбыс толқындары арқылы бағыт алатыны белгілі. Бірақ, осы уақытқа дейін ғалымдар құстардың өте алыс қашықтықтан үйге дейінгі бағытты қалай тауып алатынын біле алмай келген болатын. 1997 жылы геофизик Джонатан Хастрам 60 мыңға жуық кептердің Франциядан Англияға (олардың жолын ұшақтың төмен жиілікті дыбысы кесіп өтті) өрістеу кезінде адасып қалғанын байқайды. Сөйтсек, адам құлағы ести алмайтын дыбыс құстардың ішкі компасының жұмысын бұзған екен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: publy.ru