- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Душқа түсу қауіпті...
Душқа түсу қауіпті ауруға ұшыратады!
Бассейнге жиі түсіп, душты жиі қабылдап тұрған адамдар қауіпті ауруға ұшырайтын болып шықты. Бұл туралы мен емес, испаниялық ғалымдар айтуда.
Өздеріңіз білетіндей, су құбырын тазарту үшін қосылған хлорлы су тихалометанға дейін бөлшектеніп, тері арқылы организмге енеді. Ал бұл қосылыс өз кезегінде қауіпті заттек болып саналады (қатерлі ісіктің пайда болуы). Және ең жаманы, аталған қосылыс қуық ауруына алып келуі мүмкін.
Сондықтан бүгіннен бастап су құбырының суын ішу түгілі, аулақ жүруге тырысыңыздар. Айта кететін болсақ, су құбырының кесірінен денсаулығыңызды әлсіретіп алуыңыз әбден кәдік.
Ендігі кезекте америкалық ғалымдардың анықтауы бойынша, бактерияның ең көп мөлшері душта "өмір сүретін" болып шықты. Және душқа кірген бойда бірден бетті жумау керектігін алға тартады. Себебі, бет терісі жұқа әрі нөзік болып жаратылған. Оның үстіне сарылдап ағып жатқан судан бастапқы кезде бактерияның көптеп түсіп жатпасына кім кепіл.
Айтпақшы, ваннаға жиі түсе берудің де өз кесірі бар. Ыстық су бауырыңызға жақсы әсер ете қоймайды екен.
Қысқасы, душты жақсылап тазалап, қадағалап тұрған дұрыс.
сурет: victus-vita.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига