Доминикандық оқырмандар жаңа рекорд орнатты

Доминикандық оқырмандар жаңа рекорд орнатты

Доминикан Республикасында екінші рет өткізіліп тұрған жастар арасындағы оқу марафонында кітапты дауыстап оқудан жаңа рекорд орнады. Бұл жолы тағы да доминикандық жастар 1000 сағат бойы тоқтамастан дауыстап кітап оқып шыққан. 

43 күн бойы 930 жас доминикандық бірін-бірі ауыстыра отырып, Інжіл мен аталған елдің ұлттық конституциясын оқыды. Айта кетсек, орнатылып отырған жаңа көрсеткіш Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды.

Еске салсақ, өткен жылғы рекорд та осы елде орнаған-тұғын. Ол кезде 5 студент-энтузиаст бірін-бірі ауыстырып отыру арқылы бұрынғы ел президенті Хуана Бошаның жазған кітабын оқып шыққан еді. 

Тағы бір айта кетерлігі, оқырмандар марафоны Доминикан Республикасының министірлігінің арнайы қолдауымен өтіп отыр. Жобаның басты мақсаты - аядай ғана елдің жастарын күніне бір рет кітап оқуға қызықтыру. 

Сурет:arhnet.info

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига