Түркі халықтарына ортақ йыл сөздердің бір парасы төрт түлік атаулары болса, М. Қашқари сөздігіндегі төрт түлікке түс қатысты атаулардың көгішілігін өзінің негізгі сөздік қорында он ғасыр бойы сақтап, бүгінгі күнге жеткізген жалғыз ұлт - қазақ ҳалқы екендігін ғылыми жұмысымда дәлелдеуге тырыстым. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегіндегі төрт түлікке байланысты атаулар ішіндегі ең көп кездесетін сөздер -жылқыға, оның жасына, жынысына, түріне, түсіне, сол сияқты мінезі мен қимылына және басқа ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын атаулар. Оларды лексикалық мағынасына қарай өзара жіктегенде мынадай топтарға бөлуге болады: а) жылқы малының жалпы атаулары: йылқы, йунд, ат, арқун, қатыр; ә) жынысына қарай: ат, айғыр, қысырақ, бие; б) жасына қарай: құлын, тай, сып, өк. Сондай- ақ мінез-болмысына (табиғи ерекшеліктеріне), түр-түсіне, жұмсалу орнына қарай т.б.Йылқы (жылқы) сөзі, M. Қашқаридың айтуынша, «тұяқты мал» деген мағынаны білдіреді. Ол былай деп жазады: йылқы - туйағлығ йылқы.
C. Муталлибов оны «үйірде жүретін жануар» деп аударады. Көне түркі ескерткіштерінің материалдарына азды-көпті барлау жасап қарайтын болсақ, бұл сөз о баста «ірі қара »жалпы алып қарағанда «мал», оның ішінде «жылқы» деген ұғым беретін болған.Мысалы, «үйірде жүретін мал »деген мағынада мынадай сөйлем бар: йылқы сансыз ерті- үйір-үйір малым сансыз еді. Йылқы сөзі қолға үйретілген малдың жалпы атауы ретінде «Диуанида» былайша кездеседі (С.Мутталибов баспасы бойынша): ызынчу йылқы- жайлауға бос жіберілген мал, башғыл йылқы- ақ бас мал, көк йылқы-бос жайылып жүрген мал, тарғыл йылқы-мінуге жарайтын тарғыл түсті мал, тоқ йылқы- тұқыл мал, ерік йылқы- жүйрік ат, жүйрік жылқы, йылқы йазын атланур, отлап анын етленур- үйірдегі жылқы жазда құр ат болып жайылып, семіреді,шөп жеп еттенеді т.б.«Жылқы» деген мағына беретін тағы бір сөз –йунд. Ол ат, жылқы, оның үйірі деген мағынада қолданылады.
Арғымақ-әдетте бұл бәйге, шабыс аты, өте жүйрік жануар болып келеді. «Диуанида» мынадай сқйлем бар: Чары алып, арқун мүнүп, арқар йетер-Шәулі алып, арғымақ мініп, кісі арқарға қуып жетер. «Айғыр»сөзі «Диуанида»қазіргі қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады екен: жылқының үйірге түсетін, піштірілмеген, тұқымын алу үшін әдейі ұсталатын еркек жынысты түрі. Оған мысал үшін мынадай халық мақалы келтірілген: Қулан қудуғқа түшсе, құрбақа айғыр болур-Құлан құдыққа құласа, құрбақа айғыр болады. Орта ғасыр түркі тайпаларының тілінде жылқының баласын «кулун» деп атайтынын М.Қашқари өз еңбегінде жазып кеткен.
М. Қашқари сөздігіндегі жылқы малына байланысты сөздер бүгінгі түркітілдес халықтардың ешбірінің тілінде дәл қазіргі қазақ тіліндегідей дәрежеде сақталмаған. Тіпті өзінің қыпшақ тектестілігімен қазақ тіліне өте жақын болып келетін қарақалпақ тілінде де қазақ тілінде қолданыста бар кейбір сөздер ұшыраса қоймайды(жүнттай, қысырақ). Жылқы малына қатысты М.Қашғари сөздігіндегі 216 сөздің 99 сөзі қазіргі қазақ тілінде қолданыста бар екен.Махмұт Қашғари еңбегіндегі материалдар бойынша түйе малына байланысты атауларды мынадай топтарға бөлуге болады: а)түйе малына байланысты жалпы атаулар:тева, бұл сөздің бес түрлі фонетикалық нұсқалары бар – теве, тевей, теві, тиві, деве) ;ә) жыныстық ерекшеліктеріне байланысты атаулар: атан, буғра,иңен, тітір; б) жасына байланысты атаулар: боту, ботуқ, торум; в) түйе малына байланысты басқа сөздер мен сөз тіркестері.
Түйе түлігінің жыныстық ерекшеліктеріне байланысты атаулардың ішінде «Диуанида » көп кездесетіні – атан. Ақта болған еркек түйені атан деп атайды.Атан йүкі аш болса, ачқа аз көрүнүр-Атанның жүгіндей аз болса да, аш адамға аз көрінеді.(мақал) Қазіргі қазақ тіліндегідей «түйенің төлі » яғни түйенің ботасы деген мағына беретін бота (ботуқ) сөзі М.Қашқари жазбасының 1-томында кездеседі.Кейбір ескі түркі тілдерінде жазылған шығармаларда бұл сөз «бала», «сүйкімді » деген ұғымды білдіреді.Қашқари сөздігінде түйе малына қатысты 45 сөз бен атау кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде оның 5-еуі қолданыстан шығып қалған да, қалған 40 атау түгел сақталған.
M. Қашқари сөздігінде сиыр малына қатысты 41 сөз бен сөз тіркестері бар. Соның ішінде қазіргі қазақ тілінде 21 атау аздаған фонетикалық өзгерістерімен сақталып отыр. Сиыр малын ол кездегі түркілер сығыр деп атаған. Бұл түлікке қатысты атауларды да төрт топқа бөліп қарастырдым: а) сиыр малының жалпы атаулары: сығыр, уд, инек; ә) жынысына байланысты атаулар: бұқа, күз; б) жасына байланысты атаулар: бүзағу, тадун, тазун, турбо, торбы т.б. в) сиыр малына байланысты айтылатын басқа түрлі сөздер мен сөз тіркестері. «Диуанида» қой түлігіне байланысты айтылатын атаулар мен сөздерді, сөз тіркестерін мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады: a) қой түлігінің жалпы атаулары: қай, қан; ә) жыныстық ерекшеліктеріне байланысты атаулар: саулық, қой, қочқар, қочыңқар; б) жасына қарай қойылған атаулар: тел, қазы, түркі көрпе, тоқлы, тішек, ірк, ман йашлығ қой ;в) қой түлігіне байланысты басқа сөздер мен сөз тіркестері. Қой шаруашылығына байланысты «Диуанида» көп қолданылатын сөз - қой, сонымен қатар қон сөзі де кездеседі. Қоч, кочынар - еркек қойдың «Диуанида» осындай үш түрлі атауы бар. Икі қочыңар башы бір ашычта пішмез - Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды, сөзбе-сөз аударғанда: бір қазанда піспейді, Тел сөзі "Диуанида" мал төлдейтін уақыт» (оғызша) деген мағынада келтірілген, Ал қозы дал осы мағынасында қолданылады, яғни бүл - қойдың жаңа туған төлі. Мезгілінен кешігіп, күзде туған төлді, соның ішінде қозыны да көрпе дейді. Сол жазда туған баланы оғул деп атаған. Қаптап өскен қалың - көрпе от десе, оның жаңадан өсіп жетілу барысын - от көрпеленді (шөп қайта өсіп жетілді) деп айтады. Төрт жасар қойды ірк деп атайды. Кейбір түркі тілдерінде (телеуіт, сағай, қойбал) бұл сөзді ірік деп айтады екен. Өте сирек кездесетін сөз болса керек, көне түркі жазба ескерткіштерінде бұл сөз кездеспейтін сияқты. Қазақ тіліндегі "ірк-ірк етті" деген еліктеуіш сөзді ескермегенде, қазіргі көптеген түркі тілдерінде де қолданылмайтын көрінеді, өйткені ол туралы тиісті материалдар мен мәліметтер жоқ. «Бұл сөз, - деп М. Қашқари атап көрсетеді, - қойдан басқа нәрсе туралы айтылмайды».
"Диуанида" ешкі малына байланысты айтылатын атаулар мен сөздер, сөз тіркестері онша көп емес, барынша шектеулі, мысалдар өте аз келтірілген. Онда ешкі малына байланысты мынадай алты түрлі атау кездеседі: ечку, кечі, чебіш, еркеч, теке, оғлақ. Ешкі малының аналдығын ечкүделті депті. М.Қашқари сөздігінде «Еркеч еті ем болур, ечкуегі йел болур» - «Серкеш еті ем болады, ешкі еті жел болады» деген мақал бар. «Бұл сөзді оғыздар, - деп көрсетеді М. Қашқари,- кечі дейді. Ешкі баласы алты айға толғанда чебіш болады.чебічленді деген сөз – ұрғашы лақ өсіп, жетіліп шыбыш болады деген ұғымды білдіреді.
Жалпы, төрт түлікке байланысты айтылатын ортақ сөздер мен сөз тіркестері: айран (уыл), бақан (малдың мойын жібі), йаваш (жуас мал), йазақ (жайлау, өріс), йүліч (түбіт), (жүн), йоғурт (қатық), (нүйседі), көген (көген), көз (көн), қазақ (қаймақ), қор (үттің ұйытқысы, айранның ұйытқысы), (малдың құйрығы), қурут (құрт) т.б.
М.Қашқаридың «Диуани ат-түрк» сөздігін түрік тіліне аударып (1939-1941), түркі дүниесімен алғаш таныстырған түркиялық бауырларымыз М.Қашқаридың 1000 жылдың мерейтойын атап өтуде де көшбасшылық танытып, дүниежүзілік ұлысаралық симпозиум ұйымдастырып, үлы бабамыздың есімін ұлықтап, исі түркінің басын қосып, тарихи жадысын җаңғыртуға мұрындық болды. Төрткүл дүниеден 141 делегат қатысқан дүбірлі тойға біздің елімізден М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері-филология ғылымдарының докторлары Шериаздан Елеукенов пен Серікқазы Қорабай, әл-Фараби атындағы Қатту-дің оқытушылары-филология ғылымдарының кандидаттары Бәтіш Атабай мен Бақыттүл Құлжанова, сондай-ақ (c А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің атынан мен қатыстым. Симпозиумға қазақ жұртшылығының атынан қатысқан ғалымдарымыз Махмұт Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің басқа түркі үлыстарымен қатар қазақ халқына да ортақ мұра екендігіне тоқталып, оны Орхон-Енисей ескерткіштерімен, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігімен» және қазақ халық ауыз әдебиетінің мұраларымен, төрт түлік мал атауларымен салыстыру арқылы ғылыми негіздей отырып, баяндамалар жасады. Талас, Шу өңірлерінің тумасы, білімпаз бабамыз Махмұт Қашқаридың 1000 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өте алмағанымыз өкінішті жайт. Себебі, бүкіл түркі әлемінде, ЮНЕСКО тарапынан, ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығымен 2008 жыл "Махмұт Қашқари жылы» деп жарияланған болатын, М. Қашқари еңбегіндегі 7000-нан асатын атаусездердің барлығы - түгелдей дерлік XI ғасырдағы түркі халықтарына тән сөздер. Бұл сөздердің қазақ халқының негізгі сөздік қорын құрайтыны даусыз.
Әмзе Нұрмұқасан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері
факультеті 1-курс магистранты
Данатаев Жанат Жанатайұлы
профессоры, доцент